Бұған дейін Reuters агенттігі президент Ислам Кәрімовтің дертінен айықпаған күйі қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Желі қолданушыларының кейбірі мемлекет басшысының халқын тастап кеткенін айтып өкінсе, енді бірі оның уақытында биліктен кеткенін сөз етуде. Көпшілік қайғыға ортақтасып, отбасына көңіл білдіруде.

27 тамыз күні Каримовтің миына қан құйылып, емханаға түскен болатын. Өзбекстанның оппозициясы Каримов банкетте тым көп ішімдік ішкеннен кейін емханаға түсті деген ақпарат таратты.

Ислам Каримов 1991 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келді. Ал 1990 жылдың наурызында Өзбек КСР басшысы болған. Кеңестік кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы (1989-1991 жж), Өзбек КСР президенті (1990-1991 жж), республиканың Қаржы министрі қызметтерін атқарды. Оның артында екі қызы — Лола мен Гүлнар қалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу