Жүргізушілердің жолда көрсететін бейресми белгілері. Олар нені білдіреді?

Қарама-қарсы бағытта немесе жаныңызда келе жатқан көліктердің жүргізушілері бір-біріне қолымен, фараларын жағу арқылы белгі бергенін байқаған боларсыз. Тіпті, сізге де көрсеткен болар. Бұл белгілер нені білдіреді? Біле жүріңіз.

0
Мұрат Мұтырғанов
Көрнекі сурет @hyundai.kz
көлік
Көрнекі сурет @howcarworks.ru

Қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүргізуші сізге алысқа арналған жарығын жыпылықтатса, алда Жол Патрульдік полициясы тұр деген сөз. Егер бұл белгіні түнде көрсетсе, сіздің жарығыңыз қарама-қарсы жүргізушінің көзіне түсіп келе жатқанын білдіреді.

жүксалғышы ашық көлік
көрнекі сурет @prokazan.ru

Жаныңыздағы жолақта келе жатқан көліктің жүргізушісі сізге көрсетіп, қол соқса, жүксалғышыңыз ашық тұрғанын ескертіп жатыр.

Ал айналаңыздағы жүргізушілер ауада шеңбер сызып, төменге көрсетсе, дереу тоқтап, дөңгелегіңізді тексеріңіз. Бұл дөңгелектің жарылғанын немесе «отырып» қалғанын білдіреді.

рахмет айту
Көрнекі сурет @liveinternet.ru

Егер сіз тәрбиелі жүргізушіге жол берсеңіз, ол міндетті түрде сізге апаттық жарығын жағу арқылы алғыс білдіреді. Үш рет жағу – «рахмет», төрт немесе одан да көп жағу – «көп рахмет!». Кейбір жүргізушілер терезеден қолын шығарып, бас бармағын көрсету арқылы да риза екенін танытады.

Сіздің алдыңызда кетіп бара жатқан жүк көлігі оң жақ фарасын жақса, қарама-қарсы бағытта көлік келе жатқаны. Бұндай жағдайда жүк көлігін басып озуға тырыспаңыз.

Қарам-қарсы келе жатқан жүргізуші алақынын жанып-өшкен жарық сияқты жұмып-ашса, фар жағуды ұмытып кеткенсіз. Бұл заң бұзушылық болып табылады.

Жаныңызда немесе қарама-қарсы келе жатқан көліктегі жүргізуші сізге  жол жиегін нұсқаса, тез арада тоқтап, көлігіңізді тексеріңіз деген мағынаны білдіреді. Демек, көлігіңізде қандай да бір ақау бар: су немесе жанармай тамшылап келе жатқан болуы мүмкін.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!