Ислам Каримов көз жұмды

Өзбекстан президенті Ислам Каримов көз жұмды деп хабарлады дипломатиялық үш дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі Дереккөз: Азаттық Радиосы

3
Ислам Кәрімов
Ислам Каримов, Өзбекстан Президенті

Өзбекстан министрлер кабинеті бүгін президент Ислам Каримовтің денсаулығы денсаулығы күрт нашарлап, хал үстінде жатқанын мәлімдеген.

Өзбекстан үкіметі 78 жастағы Каримовтің әлдебір сырқатпен ауруханаға түскенін 28 тамызда хабарлаған. Каримовтің денсаулығына қатысты бұрын-соңды ресми түрде хабарланбайтын.

Бүгін бұдан ертерек Reuters Қазақстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, Қытайда сапармен жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарын доғарып, ертең – сенбі Өзбекстанға баратынын хабарлаған еді.

Жергілікті агенттіктер Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаевтың әзірге Қытайдағы G20 елдері саммитіне қатысудан өзге жоспары жоғын айтқанын хабарлайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!