Зорлықтан зардап шеккен 6 жасар ақтаулық қыз астанаға жеткізілді

Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық кішкене қыздың Астанаға жеткізілгенін 27 тамыз күні Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.

Дереккөз: Ұлт
9
Тікұшақ Ана мен бала ғылыми медициналық орталығы

Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда ақтаулық кішкене қыз таңғы сағат 05:20-да Астанадағы «Ана мен бала» ғылыми медициналық орталығына мобильдік бригада көмегімен жеткізілген.

Министрліктің ресми сайтында «Санитарлық авиация республикалық орталығының мобильдік бригадасы зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қызды Астанаға әкелді. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр»деп жазылған.

Министрлік қазір оған барлық қажетті арнайы медициналық көмек жасалып жатқанын хабарлайды.

Бұған дейін зорланған қыз баланың Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде комада жатқаны туралы ақпар берілген еді. Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев тамыздың 26-сы күні алты жасар қызды зорлаған адам жөнінде ақпарат берген азаматқа үш миллион теңге сыйақы берілетінін мәлімдеген болатын.

Ақтау қаласында тұратын алты жасар қыз баланың жоғалғаны туралы оның ата -анасы полицияға 20 тамыз күні хабарлаған. Сол күні кешке қыз бала қала шетіндегі «Нұр Плаза» жағажайы маңынан табылған. Дәрігерлер оның зорланған растап, Маңғыстау полициясы қылмыстық іс қозғаған. Тамыздың 23-і күні бейнкамераға түсіп қалған бірнеше өзбекстандық гастарбайтер қамауға алынғанымен, олардың кінәсі дәлелденбеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

9 пікір

  1. 6 Жасар қызымыз сауығып кетсін,тез жазылып кетсін әлгі қылмыскер тез табылса жақсы болар еді ондайларды ату керек ең бастысы жазылып кетун тілемз (

  2. Кішкентай қызымыз тез жазылып кетсін! ол қылмыскер тезірек табылып АТУ жазасын алсын!

    • Кішкентай бүлдіршіндердің өміріне балта шапқан мұндай АЙУАНДАРДЫ халықтың алдында жазалап, ӨЛІМ жазасына кесу керек. Олардың жер басып талтаңдап жүруіне жол берілмеуі тиіс. Ал кішкентай зардап шеккен бүлдіршінге тілерім аман-есен айығып, аяққа тұрып, жақындарының ортасына күліп ойнап қосыла берсін демекпін.

  3. Тезірек сауығып кетсін!!! Бұл не масқара айтатын сөзіміз жоқ осындай жауыздарды ату жазасына неге кеспейді екен. Қаншама кішкене қыздарың өмірі не болады

    • Қазазстан педофилдерге бир шара қолдану керек олар құтырып бара жатыр жазасы жеңіл оте ауыр жаза колдану керек сонда кайталанбайт

  4. 2 жумырткасн жарып сосын итке талатып устыне жылы су куып улкен хололдилнике салып сосын тагы итке талатып 30 кг туз куып кинап сосын ату керек

Пікір қосу