Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Дереккөз: ҚазАқпарат

4
Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондары

Елбасы қолынан осынау жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов алды. Сонымен қатар осы орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов тақты. Президент олардың медалін алтынмен пара-пар деген бағасын берді.

«Барыс» ордені – Қазақстан Республикасының ордені.

Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciне, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі. 1999 жылы ҚР президентінің жарлығымен «Барыс» ордені үш дәрежелі болып бекітілді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

  1. Лайықты марапат! Еңбектері бар спортшыларамыздың. Елбасына алғыс бағалап, марапттап жатқанына.

  2. Осындай көрсеткішпен келген спортшыларымызға қандай марапат жасалса да жарасады. Мемлекет тарапынан жақсы қолдау болып жатыр.

  3. Біздің спортшыларымыз Қазақстанның спорттағы орнын ойып тұрып салып кетті. Бұл біз үшін үлкен жетістік.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!