Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиада чемпиондары деп есептеу керек

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдап, салтанатты шара өткізілді. Дереккөз: Bnews

13

“Риодағы олимпиялық тұғырда еліміздің әнұраны үш рет шырқалып, туымыз қалықтағаны үшін біз мақтанамыз. Бұл ретте боксшы Данияр Елеусінов, ауыр атлет Ниджат Рахимов және еліміздің жүзу спорты тарихында олимпиада алтынын алған Дмитрий Баландиннің жеңістері көпке үлгі. Енді елімізде көптеген балалар жүзу спортымен айналыса бастайды деп ойлаймын”, – деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев 5 күміс, 9 қола еншілеген біздің спортшылар да ел мерейін тасытты деп атап өтті. Бұл Қазақстанның алған бағыты айқын екенін көрсетеді деді мемлекет басшысы. “Әрбір күмісті болашақтағы алтын деп есептеу қажет” дейді президент.

“Дзюдошы Елдос Сметов пен Отгонцэцег Галбадрах Олимпиаданың алғашқы күндерінде-ақ жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл эстафетаны әрі қарай боксшыларымыз сәтті жалғады. Олимпиаданың вице-чемпиондары Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левиттің де еңбегі орасан. Біз сіздерді бәрібір Олимпиада чемпионы деп есептейміз. Сол себепті мен сіздерді алтын медаль алған спортшылармен бір қатарда марапаттаймын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, президент өткен олимпиаданың чемпиондарын неліктен бұл жолы қатыстырмағанының себебі белгісіз екенін айтты. “Спорт болғандықтан әркез жаттығу жасап, дайындалу керек. Барлығы келесі олимпиадаға дайындалады. Ешкім бір орында тұрып қалмайды”, – деді мемлекет басшысы.

Бүгін Астанада олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері қатысқан авто шеру болып өтті. Чемпиондар кортежі “Қазақстан” концерт залына қарай бағыт алып, мемлекет басшысының құттықтауын қабылдаған болатын.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуі жанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

AIBA ережесі бойынша, ел федерациясы жекпе-жек нәтижесіне қатысты шағым түсіре алмайды. Кейінірек аталмыш кездесуге қазылық жасағантөрешілердің спорттық шаралардан шеттетілгені мәлім болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

13 пікір

  1. ия бул азаматтарымыздын ерлигин оте жогары багалау керек. ойткени олар шын манинде оздерин чемпион атына лайык екенин далелдедди

  2. Они действительно заслуживают всех наград и похвал. Очень правильно отметил президент их заслуги

  3. Левит мырза мен Ниязымбетов оздерин оте жаксы жагынан танытта халыкка. Осыны багалаган Елбасымызга мын алгыс

  4. Молодцы наши спортсмены! Они достойно выступили все и заслуживают высоких наград

  5. Согласна наши спортсмены заслуживают большего. Они молодцы! Так держать! Алга Казахстан!

  6. Елбасы бұл екі спортшыға қатысты үлкен шешім шығарды. Еңбектерінің жемісі ғой.

  7. Оларға әділдік танытпады деп мен де ойлаймын. Елбасының жоғары бағалағаны дұрыс болды.

  8. Биылғы олимпиада олжалы болғаны рас. Ал, Ниязымбетов пен Левит біз үшін чемпион. Оны біз ғана емес, күллі әлем десем артық болмас, мойындап отыр. Өйткені бәріміз халықтың қалай шулағанын көрдік.

  9. Медальдары күміс болғанымен біз үшін алтынға бергісіз, себебі олар оны дәлелдеді.

Пікір қосу