Шымкенттік жас ғалым тіс эмальдың табиғи жаңаруын жетілдіретін препаратты шығаруға қолдау тапты

Технологиялық даму жөніндегі Агенттік, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымының 40 млн. теңге көлеміндегі гранты бастапқы кариесті тоқтату және тіс эмальдың табиғи жаңаруын жетілдіретін қабілеті бар инновациялық Innodent препаратын шығару үшін автоматтандырылған орау желісін сатып алуға бағытталған.

0
Бауыржан Айтуов
jetsetter.ua

Жоба қазақстандық генетик, Болашақ бағдарламасымен оқыған, Йорк университетінің түлегі Бауыржан Aйтуовтың төл туындысы. Өнімді жасап шығаруға байланысты клиникалық сынақтар Ұлыбританияда жүргізілді. Жобаны ойлап табушы жағынан жұмсалған қаражат сомасы шамамен 20 млн. теңге.

Кариес дәстүрлі емдеу әдістері әдеттегідей тесіп, үскілеуді қажет етеді, немесе акрилмен жапсыруды, себебі кариозды дентин және эмаль қалпына келмейді. Ең жақсы жағдайда қариес процессін тоқтатуға болады, бірақ толық емделмейді.

Жаңа технологиялар арқасында, тіс эмаль немесе басқа сөзбен айтқанда «имплантациялауға» табиғи қалыптасу процесі арқылы жаңа эмальды жасауды ұсына алады. 15 минуттік клиникадағы емдеу мүлдем ауыртпалықсыз және бор-машинаның жұмысын қажет етпейді. Жаңа эмаль науқастың сілекей микроэлементтерінен бір-үш ай ішінде қалыптасады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу