Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі. Кеше, 22 тамызда полицейлер 6 жасар қыз жоғалған дүкенде видеокамераға түсіп қалған ер адамды ұстады. Дереккөз: Ұлт

9
Ақтау зорлық

Күдікті Ақтау түбіндегі құрылыстардың бірінен табылған.

“Қазіргі уақытта ұсталған ер адамның бұл қылмысқа қатысын анықтау мақсатында бірқатар сараптама жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді”, – деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны “Нұр Плаза” жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ал кейін полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрап, күдіктінің бағыттамасынтаратты. Осы дерекке “Зорлау” бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

9 пікір

  1. Шамалы жабык кийим кийсе педофилдер де азаятын еди
    .мынау заман акыргы заман болып кеттигой. Кишкентай кыз оте окиништи

  2. Алты жасар қызды зорлаған еркекке аяаушылық танытудың қажеті жоқ қызы немесе немересімен жасты бүлдіршін емес пе? Ол қыздың келешегіне не болмақ осындай келеңсіз жағдайлар көбейіп бара жатыр . кінәлі адамды тауып елдің алдына шығарып ату керек сонда ер азаматтарымыз ойланар ма еді

  3. ассалаумагаликум барша мусылман 2 адам дурыс айтты кішкентай кыздарга кыска ашык киім алып бермеу керек, кәзіргі кыздар алдын шошайтын мен де бар дегендей корсетеді

  4. Сондай айуанды 6-7жылга емес ату жазасына кесу керек найс обал гой кишткентай наресте гой алты жасар деген менин кызым бар алты жасар коркам мен не болп барад мына өмир.аш каскырдай жалмап

    • Причём тут мини шортик кишкентай саби емеспа улкен кыз емес. Пидофилдер кыскага да карамайд кишкентай ер баланыда зорлап жаткан жокпа онын касында. Ондай адамдарды атып тастау керек!!!

  5. Кызға обал журегин ауырады, бирак кыздарына ашык шашык киим аперетин ата-аналарда ойлану керек кой, кип-кишкентай суйкимди сандары жылтырап белдери ашык журеди кандай аянышты, осы окига коп ата-анага сабак болса екен

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!