Қарағандыда 27 қыл­­мыскер педофил тіркелген

2018 жылдан бастап кәмелетке толмаған балаларға қарсы аса ауыр қылмыс түрін жасағандар, яғни, педофилдер жаза ретінде химиялық кастрациядан өтуге мәжбүр болады. Дереккөз: Айқын

4
Қарағандыда 27 қыл­­мыскер педофил

Қылмыстық істі тергеу барысында сот-психиатриалық сараптама тағайындалып, сот шешімімен қылмыскер жыныстық белсенділікті бәсеңдететін арнайы препаратты қабылдайды. Мұндай тәжірибе АҚШ-та өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңынан бастап сәтті жүзеге асып келеді. Сондай-ақ, Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Германия, Польша, Франция, Дания, Бельгияда сот шешімімен мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жүзеге асады. АҚШ пен Еуропа елдерінің тәжірибесіне сенсек, дәл осындай жаза түрінен кейін бұл қылмыстың 3 пайызға дейін азайғаны байқалған.

Джон Хопкинстің медициналық инс­титу­тының зерттеушісі, америкалық ғалым Ф.Берлиннің айтуынша, «Қылмыскерге ек­пе салған соң, ол туралы бұдан былай ма­заланбасақ та болады деп ойлау – үлкен қа­телік. Егерде жыныстық белсенді қыл­мыс­кердің басты проблемасы – ой-сана мен ар-ұждан жауапкершілігінің төмендігі болса, екпе де көмектеспейді» – деген екен. Сон­дықтан Америкада ұзақ жылдардан бе­рі педофилдермен күрестің дәстүрлі де қа­таң тәжірибесі бар. Сөзсіз, сот ше­ші­мімен химиялық кастрация тағайындалады. Қыл­мыскердің аты-жөні, мекенжайы, т.б. АҚШ-тың федералды мәліметтер базасына ен­гізіледі. Сол күннен бастап қылмыскер ұзақ жылдар бойы, тіпті, өмірінің соңына дейін белгіленген мерзімде арнайы пре­парат­ты қабылдап жүруге мәжбүр болады, ал түрмеден шыққан күннің өзінде дис­тацион­ды бақылау, электронды қадағалау жүйесіне түседі. Яғни, біздің елдегідей түр­меден шыққан педофилді назардан тыс қал­дырмайды.

Әрине, Қазақстанда биылдан бастап пе­дофилдер туралы мағлұмат беретін электрон­ды база жұмыс істей бастады. Бас про­куратураның мәліметінше, қай қалада, аудан мен ауылда қанша қылмыскердің ба­рын қазақстандықтар мына сілмеден infopublic.pravstat.kz біле алады. Бірақ елімізде құқықтық нигилизм мен жалпы шал­ғай жерлерде ақпараттандыру мәсе­лесінің өзіндік түйткілдері барын ескерсек, әрбір Қазақстан азаматының бұл мәлі­мет­тер базасына кіріп, көршісінің педофил болу-болмау жайын зерделеуі екіталай. Ал АҚШ-та мұндай қылмыскерлермен күрес әлдеқайда алға кеткен.

1994 жылдан бастап «Меган заңы» деп ата­лып кеткен құқықтық жүйе жұмыс іс­тейді. Ел ішінде оны «Бәрін білуге құқымыз бар» деген ұранды сөзбен тікелей байла­ныс­тырады. Ең алдымен, кәмелетке тол­ма­ған балаларға қарсы аса ауыр қылмыс тү­рін жасағандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тиісті органдарда тіркелуге мә­жбүрлейді. Оның үстіне, жергілікті билік бос­тандыққа шыққан әрбір педофил ту­ра­лы мәліметті тұрғындарға жеткізіп оты­ра­ды. «Педофил бостандыққа шықты» деген ақ­парат лезде тарап, қоғамдық сақтық ша­ралары күшейеді. Бұл аздай, педофилдер электронды мониторингтен өтіп, элек­т­рон­ды браслет тағуға міндеттеледі. Ең ал­ғаш 1979 жылы енгізілген бұл жүйе өз нә­ти­жесін оңтайлы көрсеткен. Қазіргі таңда педофилия үшін сотталып, бостандыққа шық­қандарды 3000 шақырым жерге дейін бақылауға мүмкіндік бар. Аса ауыр қылмыс үшін сотталғандар еркіндікте жүріп, бала-бақ­ша немесе мектепке жақындап қалса бол­ғаны, полиция келіп, қолын бұрап, учас­кеге алып кетеді. Тіпті, браслет тағы­нып тыйым салынған жерлерге барған қыл­мыскерлер мен оларды ұстайтын по­лиция қызметкерлері туралы реалити-шоу­лардың барын да көзіміз шалып қалған.

Мұның өзі, бір жағынан, халықты ақ­па­раттандыру, полиция жұмысын көр­сету болса, екінші жағынан, қыл­мыс­кердің рецидив жасамасы үшін оған сес көрсететін психологиялық қы­сым түрі. Технология да­­мыған сайын электронды бақы­лау­дың да мүмкіндіктері көбейіп келеді. Жал­пы, Аме­рикада кәмелетке тол­ма­ған балалар баратын аурухана мен ем­ха­налар, мектептер мен бала­бақ­ша­лар­дың маңында педофилдерге қо­­ныс­тануға мүлдем тыйым салынады. Оның үстіне, бұл қылмыскерлер үнемі по­лиция мен пси­хологтар қызметінің жіті қа­даға­лауын­да болады. Ал Бельгияда ата-ана­­лар мен көршілер бақылауы жүйелі түр­­де жұмыс істейді. Ата-аналар ғалам­тор­да кішкентай балалар ретінде тір­келіп, қан­дай да бір ересектің тара­пы­нан кезде­су­ге ұсыныс түссе, бірден по­­лицияға хабар­ла­сып, қылмыскердің ұс­талуына себепші бо­лады.

Кәмелетке толмаған балаларға қар­сы ауыр қылмыс жасағандарды өлім жа­засына кесу тәжірибесі әлі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде жүзеге асып келеді. Сауд Арабиясы, Қытай, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Латын Аме­рикасы мен Африканың көптеген ел­дерінде педофилия үшін бірден өлім жа­засына кеседі. Африканың кейбір ел­дерінде кездесетін тірілей өртеу, дар­ға асу, т.б. жаза түрлерін қоғам да қол­да­й­тын көрінеді.

Елімізде мұндай қылмыс түрі жыл өт­кен сайын азаюдың орнына көбейіп жат­қанына алаңдаған ел азаматтары әлеуметтік желілерде педофилдерді өлім жазасына кесу қажеттігін белсенді түрде көтеріп жүр. Жақында Ақтауда 6 жасар баланың зорланып, қылмыс­кер­дің іздеуде жүргені туралы ақпарат қо­ғам­да үлкен резонанс туғызып, өлім жа­засы туралы қайтадан сөз таласт­ы­ру­ға жол ашты. Ең қызығы, әлеуметтік же­лі қолданушыларының басым бөлігі ба­лаларға қарсы айуандыққа бар­ған­дарды түрмеде 10-15 жылға дейін салық тө­леп, «бағуға» дайын еместіктерін жет­кізеді. Қоғамды алаңдатып отырған жайт, халықтың қарғысына ұшырап жатқандардың бұған дейін аз мерзімге сотталуы да боп тұр. Мұндай мәліметті Бас прокуратураның infopublic.pravstat.kz сілтемесінен байқауға болады. Ең көп педофилдер – Қарағандыда (27 қыл­­мыскер) және Алматыда (14 қыл­мыс­кер) тіркелген. Одан кейін Ақтау, Шымкент, Қызылорда мен Павлодарда 6-8 қылмыскер бары көрсетілген. Бірі 5 жылға, бірі 9 жылға сотталса, енді бірі 2 жылға ғана бас бостандығынан айы­рылған. «Дәл осы қауіпті қылмыс­кер­лер­дің өз айуандықтарын қайталамасы үшін 2018 жылды күтудің не қажеті бар» деген орынды сауал туындайды. Тіп­ті құқық қорғаушылар мен дәрігер­лер­дің өзі бұл екпеден адамға ешқандай да зияны жоқтығын, химиялық каст­рация­дан кейін жыныстық белсен­ді­ліктің азаятынын жеткізіп, оны бел­гі­лен­ген мерзімде үнемі жасап отырудың маңызын алға тартады. Ем үзілген жағ­дайда баяғы белсенділік қаз-қал­пына оралу мүмкіндігін Батыс сарап­шы­лары да жоққа шығармайды. Бұл мә­селеде адам құқын қорғаушылар дау­рықса да, бұл шарадан кейін қыл­мыскерге келетін зиян біреу-ақ екен: адамның бойында аздап гормондық өзгерістер болып, сәл тола бастауы мүмкін… Ал кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірінің астан-кестеңін шығарып, өмірбақи пси­хологиялық дерт пен үрей-қор­қы­ныш­қа душар еткен педофилдерге кей-де химиялық кастрацияның да аз кө­рінетінін психологтар да мойын­дайды.

Елімізде бұл қылмыстың азаймай тұр­ғанына қарағанда, АҚШ пен Еу­ропа, Қытай мен араб елдерінен алар үл­гіміз әлі де жеткілікті. Әдетте, мұндай қыл­мысқа баратындар химиялық кастрацияға душар болып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүм­кіндігі мен түрмедегі азаптарды ойлап та көрмейді. Бұл арада ақпарат­тық салада қылмыстың орын алуы ту­ралы ақпараттан гөрі, тағайындалған жаза, педофилдің түрмедегі өмірі, азап пен қасіреті көбірек көрсетілетін бағ­дарламалар аса қажет-ақ. Мұндай ақ­параттық саладағы үгіт-насихаттық жұ­мыстар АҚШ пен Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асады. Мәселен, Англия құ­рамасының футболисі Адам Джон­сон 15 жасар қызбен қатынаста бол­ғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ағылшын клубы бірден ара­дағы келісімшартты үзсе, көп ұза­май әлемге әйгілі спорттық киімдерді өндіретін ірі компания да Джонсоннан теріс айналды. Ақпараттық тұрғыдан басқа да қылмыскерлерге сес көрсету үшін бе, әлде баспасөз рейтингін кө­теру үшін бе, әйтеуір, Адам Джон­сон­ның түрмедегі азаптары туралы жаңа­лықтар жан-жақтан тарай бастады. Сөйтсе, түрмеде отырған басқа қыл­мыс­керлер «жас балаға қарсы қылмыс жа­сағаның үшін» деп, әйгілі футбол­шының денесін айуандықпен кесіп-тілгілеп тастаған. Бәлкім, Қазақстанда да ақпараттық тұрғыдан педофилияға қарсы бағдарламалар мен құқықтық тү­сіндіру жұмыстарын көбірек жүр­гізген дұрыс шығар. Түптеп келгенде, қоғам «бала зорланды» деген ақпарат­тың легінен шаршады, енді «педофил жазаланды» деп, түрмедегі өмірін, өкі­ні­шін басқаларға сес көрсету, сабақ болу үшін ашып көрсетуге болмас па еді?!

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

  1. педофилдер барлык жерде коп, биздин карагандынын ишки истер департаментинин жигиттери жаксы жумыс исдейди дегенди билдиреди!

  2. Ондай адамдарды химиялык кастрация жасап, шыгынданганша, кадимгидей кастрация жасап тастау керек, сонда гана осындай айуандыкка баруга коркар еди! Укимет басындагыларга осыган кететин каражатты жетим-жесирлердин пайдасына неге асырмаска, ондай айуандармен жагаласканша деген ойга неге келер алмас?!

  3. Инабатты парасатты мусулмандардан ештене калмаган. Хиджаб киймесенде . Котинди жауып туратын кийим кий. Ар кмге озинди коз коз кылып. Сосын зорлады деп жыламай

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!