Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметі теракт дайындаған топты ұстады

2016 жылғы 18 тамызда Алматы облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Дереккөз: Орталық Азия

0
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметі

Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды.

Радикалдардың ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне және олардың орналасқан орнына қарулы шабуыл жасау бойынша жоспары бейтараптандырылды. Келесі кезеңде олар адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасауды ұйғарған.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, олардың нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады.

5 маусымда қазақстандық Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасалды. ІІМ мәліметі бойынша, шабуылды 27 адам жасаған. Шамамен 20 адам опат болды, олардың 13-і – шабуылдаушы. 38 адам жараланды, олардың дені – әскер қызметкерлері. Билік бұл шабуылды теракт деп атады.

Ақтөбедегі шабуылдан соң Қазақстанда террорлық қауіптіліктің “сары” деңгейі енгізілді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!