Назарбаев Ердоғанға террорлық актіге байланысты көңіл айтты

Жеделхатта Мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Дереккөз: Ақорда

0
Нұрсұлтан Назарбаев Жедел хат

«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. Терроризмнің тамырына балта шабу – әлемдік қоғамдастық үшін ең басты мәселе. XXI ғасырдың індетіне қарсы күресте біз бауырлас түрік халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша түрік халқына көңіл айтты.

Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!