Данияр Елеусінов: Əкеме мың да бір алғыс!

Осы дәрежеге жеткізген əкеме мың алғыс деп жазды instagram-дағы жеке парақшасында Рио-де-Жанейрода Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов.

0
Данияр Елеусінов әкесі

«Əкеме мың да бір алғыс! Осы дәрежеге тәрбиелеп,өсіріп жеткізген əкем! Менің жеке бапкерім осы кісі. Спорт залға аяқ аттап кірген күннен бастап,осы олимп шыңына жеткен күнге дейін! Аллаға шүкір!», – жазады спортшы.

Данияр Елеусінов

Айта кетейік, Данияр Елеусінов Рио төрінде төрт кездесу өткізді. Алдымен ағылшын боксшысы Джош Келлиді, ширек финалда венесуэлалық Габриэль Маэстраны, жартылай финалда француз боксшысы Сүлеймен Сиссоконы, ал финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңді.

Естеріңізге сала кетсек, Данияр Елеусінов Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу