Байқоңырда жүздеген қазақстандық жұмыстарынан айырылып қалды

Ресейдің қаржыландыруы қысқартылғаннан кейін Қазақстанның жүздеген азаматы Байқоңырда жұмыстарынан айырылды деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі. Дереккөз: nur.kz

0

“Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен қаржыландырудың қысқартылуына байланысты “Роскосмос” ұйымынан және қаланың бюджеттік ұйымдарынан ағымдағы жылы 600 астам адам жұмыстан босатылды, келесі жылы шамамен 1500 адамды қысқарту жоспарлануда. Негізінен (3/4 жуық) бұл Қазақстан азаматтары”, — деп ақпараттандырды әкімдіктен.

Өңір билігінің мәліметінше, жұмыссыз қалған Байқоңыр тұрғындарын жұмысқа орналастыру проблемасын селекторлық отырыста Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев көтерді, сондай-ақ аталмыш мәселе Қазақстан үкіметінде селекторлық отырыс барысында талқыланды.

“Жалпы, ғарыш айлағын жалға алу уақытында ресейлік тарап қаланы дамытуға қаражат бөлмеген. Бұдан басқа, 2008 жылы салынған перзентхана әлі күнге дейін түрлі сылтаулармен ресейлік тараппен қабылданбаған. Соған байланысты өңір басшысы Байқоңыр қаласы нысандарын жалдаудан шығаруды ұсынды”, — деп қосты әкімдіктен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!