СУ-24 ұшағында қаза болған ұшқыш ШҚО тумасы болып шықты

24 қараша күні Түркияның әскерилері атып түсірген СУ-24 ұшағында қаза болған ұшқыш ШҚО тумасы болып шықты. Қазақстандық Олег Пешков ұзақ уақыт Өскеменде тұрып келген. Дереккөз: nur.kz

0
Олег пешков

Олег Анатольевич Пешков 45 жасында көз жұмды. Ресейлік ұшақтың командирі мен штурманы ұшақ құлар алдында катапультамен шығып үлгерген. Алайда борт командирін парашютпен түскен сәтінде сириялық жауынгерлер оқ жаудырып, өлтірген. Қаза болған ұшқыш Олег Пешковтың Шығыс Қазақстан тумасы екені анықталды. Ол ұзақ уақыт Өскеменде тұрып, жергілікті мектепте білім алған.

Ақпаратты Олег Пешков оқыған мектептің қызметкерлері растап отыр.

«Ол 1985 жылы бітірді. Кейін Свердловскідегі оқу орнына түсіп, Харьков авиациялық мектебін бітірді. Липецкте тұратын. Жақында біз мектепте түлегімізді еске алу митингісін ұйымдастырамыз», — дейді оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары Елена Лукина.

wdw48wd46gr4157777

Олегтің досы Вячеслав Парий журналистерге оның анасы ерте қайтыс болып өгей әкесінің қолында өскенін айтып берді. Пешков Амур облысының Возжаевка аэродромында қызмет еткен.

«Олар сол жерде СУ-24-пен ұшып жүретін. Ұшқыш училищесін бітірген көптеген өскемендіктер бұл ұшақты басқарып келді», — дейді Олегтің досы.

Олегтің жары да – Өскемен тумасы. Облыстық орталықты ер кісі отбасымен бірге 2000 жылдың басында тастап, Липецкке көшіп келген.

wdw48wd46gr4157777-1

Ұшқыштың артында ұлы мен қызы қалды. Туған ағасы Павел Пешков те – әскери қызметкер. Ол Новосибирскіде тұрады.

«Кешкісін Липецктен ұшамын. Жерлеуі әзірге белгісіз, денесін сириялық аймақтан жеткізу мәселесі шешілмей отыр. Ұлы осы жылы бірінші сыныпқа барды» – дейді Пешковтың ағасы.

wdw48wd46gr4157777-2

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!