Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен бокстан Қазақстан құрамасының боксшысы Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

7
Әділбек Ниязымбетов

Тартысты өткен кездесуде Әділбек кубалық Хулио Сезар де ла Крузден аз ғана ұпай санымен жеңілді. Әйтсе де, екінші раундта өте белсенді болған Ниязымбетовтің бірнеше ұпайын төрешілер есепке алған жоқ.

Әділбек Ниязымбетов осымен екінші рет Олимпиада ойындарының финалына шығып, екеуінде де ұтылып қалды. Әйтсе де, Әділбекті ұтылды деуге ауыз бармайды. Қазақ боксшысы жеңіс үшін аянып қалған жоқ.

Ниязымбетов екі Олимпиаданың финалында ұтылған екінші қазақ боксшысы. Бүгінге дейін Болат Жұмаділов Атланта және Сидней Олимпиадаларының финалында жеңілген еді.

Енді финалда тағы бір боксшымыз өнер көрсетеді. Ол 91 келіден жоғары салмақтағы Иван Дычко. Ал қалған боксшыларымыз ширек финал мен жартылай финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін 69 келі салмақта бокстасқан Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпион атанған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

7 пікір

  1. Өз басым Əділбек жеңді деп есептеймін керемет соққылар болды жарайсың.алға Қазақстан

  2. Мен үшін Әділбек чемпион. Не айтсаңдар оны айтыңдар Бағланбай Нұрлан Баймаханұлы Шымкенттен. Ол өзінің барлық күшін салды.ТЬелефонымды жазам хабарласыңдар Әділбектің чемпион екеінін дәлелдеймін 87759216083

  3. Әділбек чемпион соншалықты тер төгіп, еңбегі дала кеткен жоқ. Әділбекке мықты денсаулық осылай басқа жастарға үлгі болып елге қызмет етсін деген тілек білдіргім келеді.

  4. Әділбек чемпион соншалықты тер төгіп, еңбегі дала кеткен жоқ. Әділбекке мықты денсаулық осылай басқа жастарға үлгі болып елге қызмет етсін деген тілек білдіргім келеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!