Білім және ғылым министрі мұғалім жалақысын көтерумен айналыспақ

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер еңбегін төлеу жүйесін өзгертуді жалғастырады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
9
Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер еңбегін төлеу жүйесін өзгертуді жалғастырады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Орта білім саласында біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі — ол 2016 жылдан мұғалімдер жалақысын арттыруға қатысты. Бұл ең маңызды мәселе. Бұдан әрі қарай да ұстаздар үшін еңбекті төлеу жүйесін өзгерту мәселесі бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Біз педагогтың жұмысы оңай емес екенін түсінеміз, алайда мұғалімнің сабақ беру сапасы да сәйкесінше өсуі керек. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», — деді ведомство басшысы.

Осы ретте ол кадрларды қайта даярлау бағдарламасы кеңейтілгенін айта келе, биыл жазда бастауыш мектептің 73 мың мұғалімі оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін жеткізді.

 «Олар бұл мазмұнды лайықты деңгейде бағалап, оның жұмыста қолайлы екенін айтты.  Сонымен қатар биыл барша деңгейлер үшін әзірленген жаңа мемлекеттік стандарттар бекітілді. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды және олар үздік әлемдік стандарттарға сай келіп отыр», — деді ол.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

Дурыс мугалимдердин жалакысын котеру керек

Аноним

Жалакынын котерилгени дурыс та шыгар. Бирак жалакы котерилет деп соз шыкса болганы, ол котерилми турып азык-туликтин багасы котериледи. Сонда еш айырмашылык байкалмаит.

Амина

Жапонияда мұғалімдерді ерекше қадірлейді, мұғалімдер үшін жеңілдіктер сияқты қарапайым көмектер көп. Біздің мемлекетіміздің мұғалімдердің жалақыларын арттырып жатқандары өте дұрыс.

Аноним

Менде мугалимдердин жалакысы оскенин дурыс санаймын. Ойткени олар сабак берип коймай, дурыс жолды корсетеди. Менин анамда мугалим жане анам балалармен коп жумыс истейди.Белгили галымдар типти барлык мамандар иеси осы мугалимдерден талим алган. Устаздардын кадирине жетейик!

Аноним

Магистратураны бітіріп мектепте жұмыс істегендердің айлығы не болады.? Магистратураға мүлдем қосымша ақша төленбейді не себептен?

Аноним

Магистратура акшаны көп алу ушин емес ғылыми бағытта жұмыс жасау ушин кажет. Магистратура битирсениз мектепте не бар??

Аноним

Бірінші сыныптың сынып жетекшісінің сағаты аз 18сағатка жетпейді. Жаңартылған бағдарламаға көшкен сыныптың акшасы өсе ме?

Жаухар

Министр жолдас әйел мұғалімдердің болашақта 63-жасқа дейін жұмыс жасауына қалай қарайды екен?. 20-жасында мұғалімдік жұмысқа келген жас зейнет жасына жеткенде қандай күйде болады екен?.Біздер Қазақстандық әйел екенімізді жоғарыда отырған шенеуіктер түсінсе,шетелдік ханымдармен теңестіру дұрыс емес.

Аноним

ЖОО оқытушыларының жалақысы жөнінде ештеңе айтқысы кемейді ме екен?

wpDiscuz