Данияр Елеусінов Олимпиада ойындарының чемпионы атанды!

Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовты жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

12
Данияр Елеусінов

Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты таза жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан Риодағы алғашқы алтынын алды.

Отандасымыз финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты жеңді. Жартылай финалда жарақат алған қазақстандық боксшы қорғана жүріп жұдырықтасатынын алғашқы минуттардан байқатты. Қарсыласын оңтайы келгенде осал тұсын табуға ұмтылды. Өзбек боксшысы бірінші нөмірмен жұдырықтасып, шабуылға қанша шыққанмен, Даниярдың қарымта соққылары қауқарлы шықты.

Жартылай финалда Елеусінов жарақат алып қалған болатын. Оның үстіне, өзбек боксшысы да өте лас жұдырықтасып, мейілінше Даниярды жарақаттауға тырысты десек артық емес.

Данияр, “69 келі – қазақтың салмағы” деген игі дәстүрді жалғастырды. Еске сала кетсек, 2004 жылы Афины олимпиадасында Бақтияр Артаев, 2008 жылы Пекин олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондон олимпиадасында Серік Сәпиев осы салмақта олимпиада алтынын еншілеген еді.

Бұған дейін 91 келі салмақта бокстасқан Василий Левит олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.

Әйтсе де, қазақ халқы үшін өте маңызды кездесуде бар күшін салып, алтын жүлде жеңіп алды.

Сұрақ-Жауап сайты барша қазақстандық жанкүйерлерді алтын медальмен құттықтайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

12 пікір

  1. Урааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    • Жарайсын Данияр,жарадын!Озине бир Алла жар болсын! Қазақ халқының мәртебесін көкке көтергенің үшін мың алғыс!!!

  2. Женіс. құтты болсын. Даняр. балам жараисың. Халқынның үмітін актадың сендеи ұлды берген Аллаға мың да бір шүкір сендеи ұлды өмірге әкелген ата -анаңа мын алғыс.

  3. Оте лас деп айтканын дурыс емес бул бокс балет емес сонда не истеу керек еди….асыра силтеушилик абырой бермейди жараспайды еш кимге

Пікір қосу