Бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басейнге олимипиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр, деп хабарлады 24.kz телеарнасы.

6
Дмитрий Баландин

Рио Олимпиадасын қалт жібермей, қадала қарайтын жергілікті халық заман талабына сай тамаша бассейнге еліміздің мерейін асырған Дмитрий Баландиннің есімін беруді қош көріп отыр.

«Бассейнді қалай атауды ойланып жүр едік. Енді, міне, чемпион атымен атайтын боламыз. Себебі Ақкөл тұрғындары өтініш білдірді. Осы бізден де, Ақкөлден де чемпион шықсын деген үміттеміз», — дейді аудандық жастар орталығының жетекшісі Мадина Құсайынова.

Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттыратын болады.

Ақкөл бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала бүгіндері республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғауда.

«Біз балаларды жарыстарға дайындаймыз. Осында үш жыл бойы дайындалып жатқан балалар бар. Ең мықты ондыққа кірдік. Біз олардың дұрыс тәрбиелеуге тырысамыз, олардан чемпион шығатынына сенімдіміз», — дейді жатықтырушы Сергей Девятко.

Дмитрий Баландиннің жеңісіне қуанғандардың бірі 10 жастағы Даниил Анушкевич. Жас суда жүзуші брасс және кроль әдісін меңгеруде. Келешекте ол да маңызды бірнеше медаль алатынына сенімді.

«Мен бассейін ашылған күннен бастап, осында келіп жаттығамын. Жеңіс мені қанаттандырып, мен де олимпиада чемпионы болғы келеді. Спортың бұл түрі маған қатты ұнайды», — дейді Д.Анушкевич.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Ат беру дурыс емес деп оилаймн тек олимпиада чемпионы ол ушин али белестен тагы корну кажет деп блем

  2. Сәлеметсіздерме! Д.Баландиннің есімін ырымдап қояын дегендеріңіз дұрыс қой, бірақ Баландинге дейінгі атағы шығып жатқан не бір мықты спортшыларымыздың еңбектерін ұмытпауымыз керек сияқты. Алды да не тосып тұрғанын, білмейсіздер ғой.Оданда асықпай ойланғандарыңыз жөн болар. Ата -бабаларымыз «жеті рет өлшеп -бір рет кес» деген қағиданы жадымыздан тастамайық

  3. Дмитрий Баландин есімінің берілуін әбден дұрыс санаймын, Дмитрийге қарап жастарымыз бой түзеуі қажет. Барды уақытында бағалай білейік! Бекзат марқұмға да арнап спорт кешені, көшелер берілген, сондықтан еліміздің абыройын асқақтатқан спортсмендерді құрметтей білейік, оңай емес, қанша күш-жігер, шыдам мен төзімнің арқасында келген жеңіс. Жарайсың Дима!!!

Пікір қосу