Данияр Елеусінов қарсыласын таза жеңіспен ұтты

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов ұлыбританиялық қарсыласы Джош Келлиді аса басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды Дереккөз: ҚазАқпарат

6
Данияр Елеусінов

Данияр алғашқы раундтан-ақ  тізгінді өз қолына алды. Қарсыласын қуып та, тұрып та сабады. Екінші раундыда ұлыбританиялық боксшы Даниярды қайта-қайта құшақтай берді. Төреші бір емес, бірнеше рет ескерту де жасады. Үшінші раундыда да қазақ боксшысынан ұтылып жатқанын білген Келли өзіне соққы дарытпауға тырысып көрді. Алайда, қазақтың жуан жұдырығы мұрынын бұзбаса да, есеңгіретіп тастады.Гонг соғылып, төреші тоқта дегенде қуанғаны белгісіз, қазақтың қайсар ұлына таңғалғаны белгісіз артына бұрылып, өзі рингке көтерілген  бұрышына беттеп бара жатқан Даниярдың артынан ұзақ қарады.

Осылайша, төрешілердің шешімімен жерлесіміз алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Есеп 3:0.

Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Қайрат Ералиев (56 келі) қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, өкінішке қарай  Абылайхан Жүсіпов (64 келі) ұлыбританиялық Пэт Маккормактан ұтылып қалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

6 пікір

Пікір қосу