Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептердің үштілді білім беру жүйесіне 2019 жылдан бастап өтетінін мәлімдеді. Бұған дейін үлкен дауға ұласқан осынау реформаны 2016 жылдың қыркүйегінен бастап немесе 2023 жылы енгізеді деген алыпқашпа әңгіме ел ішінде желдей гулеген болатын.

1
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев

Алыпқашпа әңгіменің өршуіне себеп болған министр Ерлан Сағадиевтің өзі еді. Алматыдағы жиындардың бірінде ол 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдегі орта оқу орындары үш тілде білім беретінін сүйіншілеп жеткізді. Алайда, оның бұл бастамасын қолдаушылардан қарағанда қарсы шыққандардың саны әлдеқайда көп болды. Ғалымдар, қоғам белсенділері, тіпті мұғалімдердің өздері де Сағадиевтің реформасы Қазақстан болашағы үшін үлкен қауіп төндіретінін мәлімдеп отыр. Кейін, халық тынышталсын деді ме, 2016 жыл 2023-ке қарай жылжыды.

Енді министрлік үштілділік реформасын 2019 жылдан бастағанды жөн көріп отыр. Кеше ведомствоның Фэйсбуктегі ресми парақшасында мынадай анықтама-брошюралар пайда болды. Яғни, өзгешелік алдымен тек 10-11 сынып оқушыларын қамтыса, өзге сыныптардың тағдыры әзірге айтылмай отыр.

13938340_1763697313842961_2445791561165009606_n

13920868_1763697220509637_3175913207074261504_n

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Ерлан ага өзіңіз үш тілді білесізбе? Үш тілді жетік білетін кез келген азамат, азаматша айлығы 30-40 мыңнан аспайтын Қазақстанда емес ағылшын тілін білсе кез келген елге барып айлйғы көп жерлерде жұмыс жасай алады.Біз мұғалімдер елдің болашығы болатын қазақ елінің білімді азаматтарын тәрбиелеп жатырмыз, еліміздің үш тілді меңгерген білімді азаматтары шет елдерге кетіп еліміз үш тілді білмейтін оқымаған қараң адамдарға қалама сонда.

Пікір қосу