Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Бүгін Рио Олимпиадасындағы ауыр атлеттер сайысы жалғасын тапты. Зілтемір сахнасында 63 келіге дейінгі салмақтағы қыздар сынға түсті. Дереккөз: Nur.kz

0
Карина Горичева

Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Карина Горичева қорғаған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұлқа көтеруде Карина 107 келіге тапсырыс беріп, алғашқы мүмкіндігінде бұл салмақты көтере алған жоқ. 107 келі Каринаға тек екінші  мүмкіндігінде бағынды. Ал үшінші мүмкіндігінде қазақстандық спортшы 111 келіні еңсерді.

Ал серпе көтеруде Горичева 135 келіні көтерді. 137 келі екі мүмкіндігінде де Каринаға бағынған жоқ. Қоссайыс қорытындысы бойынша Горичева 243 келіні көтерді.

Осылайша, Алматы облысының түлегі өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алды.

Бұл салмақта олимпиадалық рекордты жаңартқан Қытай атлеті чемпион атанса, күміс жүлде Солтүстік Корея спортшысының еншісінде кетті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!