Қайрат Нұртас елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан қолтаңба алғысы келеді

Қостанайда Қала күніне орай атақты қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жеке концерті қарсаңында баспасөз крнференциясы өтті, - деп хабарлайды Alau.kz ақпарат порталы. Әнші қостанайлықтарға алып келген "сыйын" бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап берді. Дереккөз: Tengrinews.kz

2
Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртастың айтынша, ол Қостанай облысында болғанды ұнатады. “Бұл менің Қостанайға бірінші рет келуім емес. Мен осында қуана-қуана келемін. Қостанай және Рудный қалаларының әкімдеріне осы мерекеге мені сыйлап, мені таңдап шақырғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Үміттеріңізді ақтаймын деген сенімдемін. Әрине жаңалықтармен келемін, жаңа әндеріммен келемін. Өзімнің бишілеріммен келемін. Стадионда өзгеше өтеді, жанды дауыста және өзгеше стильдегі жаңа киіммен шығамын”, – деді әнші.

Баспасөз конференциясы кезінде журналистер Қайрат Нұртастан көптеген қазақстандықтар қолтаңба алғысы келетінін айтып, ал әншінің өзі кімнен қолтаңба алғысы келетінін сұраған. “Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан”, – деп жауап берді әнші.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!