Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3
Елдос Сметов

Ақтық сында Сметов ресейлік Беслан Мудрановпен белдесті. Айта кетейік, Қазақстан тарихында Олимпиадада ешкім алтын медаль алмаған.

Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен белдескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті. Ал оның алдында ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді “юко” әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

  1. Алтынға тұратын бала еді,амал қанша бұйрықтан артық ештеңе жоқ.Жеңісің құтты болсын,аман бол!

Пікір қосу