Елдос Сметов Рио Олимпиадасының алтын медаліне таласады

"Рио Олимпиадасында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Елдос Сметов  финалға шықты.

0
Елдос Сметов

Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен күрескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті.

Осыған дейін ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді “юко” әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!