Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Қапшағайдағы «Болашағыңды басқар» лагерінің ашылуында мәлімдеді деп хабарлайды Алматы жастары порталы.

Дереккөз: АлматыЖастары
2

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Қапшағайдағы «Болашағыңды басқар» лагерінің ашылуында мәлімдеді.

Қанат Ислам биылғы жылдың қазан айында кезекті жекпе-жегін Алатау ауданында құрылысы жаңадан салынып біткен спорт алаңында өткізбек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы: «Қанат 21 рет жекпе-жекке шығып, 21 рет жеңіске жеткен боксшы. 22-ші кездесуін ол жаңа спорт алаңында өткізеді. Әлемде осындай бес спорт зал бар болса, соның бірі бізде», — деді. Сондай-ақ, ол жастарды отандасымызды қолдауға шақырды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

Пікір қосу