ОҚО-ға 50 жылдан кейін қар барысы қайта оралды

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде орнатылған фотоққапанға қар барысы мен түркістандық сілеусін түсіп қалған. Бұл жыртқыштар осынау өңірден ондаған жылдар бұрын кетіп қалған көрінеді.

0
Қар барысы

Ұлттық парктің мамандары жабайы аңдардың пайда болуын сенсациялық жағдай деп сүйіншілеп отыр. Қазақстанның оңтүстігіне қар барысының ізі түспегеніне елу жылдың жүзі болыпты. Ал, бұл жолы бірден үш жыртқыш фотоқақпанға түскен деп жазады otyrar.kz.

Мысық тұқымдастарды ең бірінші болып парктің инспекторлары байқапты. Олар жабайы аңның жүру бағытын анықтап, сол жолдарға фотоқақпан қойған. Ал, нәтиже көп күттірген жоқ дейді олар. Алғашқы күндері-ақ фотокамералардың объективіне қар барысымен бірге өзге де жыртқыштар түсіп қалыпты.
Жергілікті мамандардың айтуынша, ең алғаш рет олар ілбістерді 2014 жылы көрген. Содан бері тек ұрғашысы балалау үшін қалып қойса керек.

Қар барыстарынан бөлек түркістандық сілеусіндердің де Сайрам-Өгем ұлттық паркіне қайта оралғаны қуантады. Бұл жыртқыштар аталған аймақтан 30 жыл бұрын жоғалған.

“Күн ысыған сайын қар барыстары мен түркістандық сілеусіндер таудың басына қарай шығып кетеді. Жыртқыштар онда арқар, тау теке, қабан, бұғы ұстап өоректенеді. Жануарлар таудың басында көп. Сондықтан, мысық тұқымдас аңдарымыз біздің парктің аумағын тастап енді ешқайда кетпеуі керек”, – дейді Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас маманы Елжан Аманов.

Айта кетейік, аталған жыртқыштардың екеуі де “Қызыл кітапқа” енгізілген. Қазақстанда шамамен қар барысының 130 басы бар.

Қар барысы

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу