Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында қар жаумайды, деп хабарлайды BNews.kz. Дереккөз: BNews.kz

0
ауа райы

«Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей аудандарында күндіз 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Алматы облысында тұман түседі, түнде кей аудандарда көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, күндіз 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман түседі. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында жел жылдамдығы 15-22 метрге жетеді. Атырау облысының басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Батыс Қазақстан облысының кей аудандарында жел жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, түнде көктайғақ», – деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!