Қарағандыда 9 жасар құтқарушы Настя Пхенда марапатталды

Қарағандылық оқушы өзі суда жүзе білмесе де, батпаққа батқан бүлдіршінді құтқарып қалды, — деп жазады 24.kz. Өжет қызды өңір құтқарушылары арнайы марапаттады. Дереккөз: 24.kz

0
Настя Пхенда

9 жасар Настя Пхенда осымен екінші рет қайсарлық танытып отыр. Ол осыдан бір жыл бұрын көліктің астына түсе жаздаған сәбиді аман алып қалған болатын. Облыстың бас құтқарушысы кішкентай Настяға құрмет грамотасын тапсырып, құтқарушы қыздың мектебіне алғыс хат жолдайтынына уәде берді.

Айта кеткен жөн, шомылу маусымы басталғаннан бері Қарағанды облысында 19 адам суға кетті, оның 9-ы жасөспірімдер. Сондай-ақ, 24 адам құтқарылды. Настя Пхенда, Қарағанды қаласы № 51 орта мектебінің оқушысы: — Батпақ терең екен, кішкентай баланың батып бара жатқанын көріп, құтқаруға асықтым. Болашақта құтқарушы немесе аудармашы болғым келеді. Түрлі тілдерді үйренгім келеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!