Қанат Исламның кезекті жекпе-жегі Алматыда өтеді

2016 жылдың 29 қазанында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Қазақстанда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Жас Қазақ басылымы. Дереккөз: Жас Қазақ

0
Қанат Ислам

Жекпе-жек «ЖЕРСУ» корпарациясының бас демеушілігімен Алматы қаласында ұйымдастырылады. Боксшы үшін бұл – өте жауапты әрі көптен күткен кездесу болмақ. Енді Қанаттың кездесуін көру үшін жанкүйерлер құрлық аспай-ақ, қазан айында Алматыға келеді.

Қанаттың қарсыласы кім екенін жақын күндері белгілі болады. Айта кетейік, Қанат Ислам – WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы, осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу