Алматыда сот залынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Алматыдағы Медеу аудандық сотының ғимаратынан қашып шыққан күдікті қайта ұсталды деп хабарлайды Today.kz ішкі істер органдарына сілтеме жасап.

0
Сот құқық

Қазір ол Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

1991 жылы туған күдікті Д.Досмағамбетов ұрлау дерегі бойынша ұсталған болатын. Ол сот ғимаратына өз үкімін тыңдау үшін жеткізілген. Алайда, сақшылардың аңғалдығынан болса керек, күдікті ебін тауып, ғимараттан қашып кетіпті. Оның бұған дейін де ұрлық бойынша жауапқа тартылғаны анықталып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!