Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас қыз жасанды түсік жасатқан

Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас жасанды түсік жасатты. Олардың біреуі 15 жаста, 11-і 15-18 жас аралығында. Ал өзгесі 19-29 жастағы қыздар.

Дереккөз: Bnews.kz
4
Болашақ ана екіқабат

Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Мұқанов айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Жастар арасында түсік жасататын қыздар қатары артып келеді. Мәселен, облыс орталығында 669 жас жасанды түсік жасатқан екен. Сонымен қатар, Шалқар, Темір, Мәртөк, Мұғалжар аудандарындағы жағдай мәз емес. Жыл басынан бері барлығы мыңға жуық қыз жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 150-ге дейін өскені белгілі болды. Оның біреуі 16-ға толмаған, 11-і 15-18 жастағы жасөспірім»,- дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Мұқанов.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыста 44 жасөспірім жүкті болып қалған. Бірінің жасы 16-ға да толмаған. Ал өткен жылы барлығы 99 жасөспірімнің аяғы ауырлаған.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегі де азаймай тұр. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 12, Шалқар ауданында бір жасөспірім суицидке барды. Өзіне-өзі қол жұмап, өмірден баз кешетіндердің көбі қыздар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

4 пікір

  1. Арине жас кыздар коп казир артын ойламайтын,оган бирден бир себеп уйдеги ата анасы дурыс тарбие бере алмаган,казир тусик жасату модага айналып бара жатыр,буган бир туракты зан шыгармаса келиншегимиз не болады?

  2. Жас кыздар жалгыз багуга коркады,ал истегенин мойнымен котере алмайтын еркектер кашып кетеди,сондыктанда кыздар осыган барады,неге буган тек кыздар жауапты болу керек,ерлерде жауап беруге тиысти жане буган кинали ата ана кызга кырык уйден тыю,ал улды акелери жауапкершиликке уйрету керек,колынмен истегенди мойнынмен котер

Пікір қосу