Арал экономикасына 100 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Қызылорда облысында соңғы үш жылда өткен бес «Байқоңыр» халықаралық инестициялық форумы өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Дереккөз: BNews.kz
0
қызылорда

Әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттарының өкілдері қатысатын инвестициялық форумдар Қызылорда облысында әр екі жыл сайын өткізіліп отырады.

Соңғы, бесіннші инвестфорум «Қызылорда облысының жаңа инвестициялық стратегиясы» ұранымен өтті. Форумға қатысушылар өңіріміздің болашағы, Қазақстанның шетелдік инвесторларға беретін басымдықтары туралы өздерін қызықтырған мәселелер төңірегінде ақпарат алып, бірнеше жобаны талқылады және ынтымақтастық жайлы бірнеше келісімге қол қойды. Қазір осы келісімдер аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр», — дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, келесі инвестициялық форум Қызылорда облысында осы жылдың 14-15 желтоқсанында өтеді. Қазірдің өзінде форумға Қазақстан мен өзге мемлекеттердің бизнес және қаржы институттарының 300-ден астам өкілі қатысатынын растады. Желтоқсан айындағы пленарлы отырыс Сырдарияның сол жағалауын дамытуға арналады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу