Назарбаев Байбекке екі ірі оқиғаға дайын болуды ескертті

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады деп жазады Ақорданың ресми сайты.

16
Назарбаев Бауыржан Байбек

Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Байбек елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Алматы – еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы – Қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар – ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет», – деді мемлекет басшысы.

Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

«Қазіргі кезде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар көлемі 45%-ке өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр», – деді Алматы қаласының әкімі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

16 пікір

  1. Біраз ауқымды жұмыстарды тапсылыпты. Байбек мырза үміттті ақтап, барлығын мерзімінінде аяқтайды деген сенімдемін.

  2. Елбасымыздың сындарлы саясатының, Байбектің тынымсыз еңбегінің арқасында үлкен жетістікке жетерміз деген сенімдемін

  3. Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың әлеуметтік жағдайын жаңғырту мәселесіне әрқашан үлкен көңіл бөледі.

  4. Алматы үлен шахар. Ел экономикасының кемінде 30 пайызы сол жерден. Байбек мырза берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды деп сенеміз

  5. Оңтүстік астанамыздың 1000 жылдығын қаланың деңгейіне сай атап өту керек. Елбасымыз қазірден дайындықты бастасын деп дұрыс айтыпты

  6. Жаңа жұмыс орындары ашылса керемет болар еді, бірақ бұрынғымен салыстырғанда жалпы халықтың әл-аухаты әлдеқайда жақсарды

  7. Елдің тәуелсіздігіне 25 жыл болады екен ғой бұйырса, бұл мерекеде барлық қаланың басшылары дайындық жасайды. Алматы бірінші орында

  8. Бауыржан ағамыз өз ісінің маманы екенін дәлелдеп жүр, осы уақытқа дейін көптеген шаруа бітірді, алдағы мерекелерді де жақсы дайындықпен атап өтеміз деп сенемін

  9. Еліміздің ең үлкен қаласын басқару оңай шаруа емес, бұл ретте жастарға сеніп, мүмкіндік беріп отырған Елбасымызға рахмет

  10. Қала күнін мерекелеуге әрқайсысыз өз үлесімізді қосайық. Ең ірі қаламыздың 1000 жылдығын сіз болып, біз болып абыроймен атқарайық

  11. Елбасымыздың берген тапсырмаларын уақтылы орындау арқасында көп жетістіктерге жетіп отырмыз

  12. Халық тығыз орналасқан ең ірі қаламызда мерекелеу кезінде қауіпсіздік шараларын да қарастыру қажет деп ойлаймын

  13. Негізінде елдің жетістігі мен ұйымшылдығын паш ететін шара деп есептеймін. Іске сәттілік. Барлығы да абройлы болсын!

Пікір қосу