Бейжің мен Лондон Олимпиадасына барған тағы 45 спортшы допинг дауына ілікті

Бейжің мен Лондонға барған тағы 45 спортшы допинг қолданған деп хабарлайды Азаттық Хлықаралық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. Дереккөз: Азаттық

0
Лондон олимпиада допинг

Комитеттің мәлімдеуінше, Бейжің (2008) және Лондон (2012) Олимпиадаларына қатысқан спортшылардың допинг сынамаларын қайта тексерген кезде 45 спортшының қанынан тыйым салынған препарат белгілері табылды.

ХОК спортшылардың аты-жөндері мен елдерін айтпаған. Бірақ олардың 30-ы Бейжіңге 8 елдің атынан барған, 15-і Лондонға 9 елдің атынан барған спортшылар екені хабарланды. Ұйым қайталап тексеру шарасы әуелі медаль алған, соның ішінде Бейжіңде жүлдеге ие болған 23 жеңімпазға қатысты болғанын мәлімдеді.

ХОК бірінші және екінші тексеру кезінде 1243 сынама тексерілгенін, алда әлі екі тексеру барын айтады.

Осыған дейін халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Пекин мен Лондон Олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Төртеуі де биыл өтетін Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатыспайды.

Басында Қазақстан ауыр атлетика құрамасы Рио Олимпиадасына он жолдама алған. Бірақ допинг дауынан кейін IWF екі жолдаманы алып, басқа елдерге берген.

Бұған қоса, IWF допинг дауына ілінген Қазақстан құрамасын бір жыл жарыстардан шеттеу туралы шешім шығарған. Бірақ бұл шектеу қай уақыттан басталатыны белгісіз. Белгілісі – бір жылдық шектеу Олимпиада ойындарына әсер етпейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу