Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады деп хабарлайды Қазақпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
1

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми бекіткен тізімге әлемнің 91 елінен 260 ауыр атлет енген.

Қазақстаннан Олимпиадаға сегіз ауыр атлет қатысады: бес ер адам — Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін) және үш әйел — Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан зілтеміршілерінің Олимпиадаға қатысу-қатыспауы белгісіз болып келген болатын. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 11 спортшысы допингпен ұсталған Болгария құрамасын жарыстан шеттетті. Сондай-ақ, допинг дауына ұшыраған жеңіл атлетикадан Ресей құрамасы да жазғы Олимпиадаға қатыспайды.

Ауыр атлетикадан барлығы 15 медальдар жиынтығы ойналады, деп хабарлады Sports.kz.

Олимпиада ойындары -2016 Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз күндері өтеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу