Бердібек Сапарбаев: Адамдардың жұмысы болса, өзге күмəнді ағымдарға жоламас еді

Ақтөбе облысында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу жұмыстары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап. Дереккөз: Tengrinews.kz

8
Сапарбаев

Өңірде діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолға алынуда. Осы мақсатта өңірдегі белгілі топтарға қатысты алдын-алу жұмыстары күшейтіледі, ақпараттық-үгіт топтарының жұмысы жүйеге келтірілуде. Бұл туралы жұмыспен қамту жəне аймақтың əлеуметтік дамудың өзекті мəселелеріне арналған кеңейтілген отырыста облыс əкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Айта кетейік, кеңес Ақтөбе облысының əкімдігінде барлық деңгейдегі əкімдердің, бірқатар мемлекеттік, жергілікті атқару органдары жетекшілерінің қатысуымен өтті.

Облыс əкімінің айтуынша, дəстүрлі емес діни ағым жетегінде жүргендердің əрбірімен жеке алдын алу жұмыстары жүргізіліп, оларды жұмыспен қамту бойынша шаралар қолға алынады. “Шынайы жағдайды жасыруға болмайды. Барлығы есепте болуы керек, олардың əлеуметтік жағдайы туралы, отбасы мүшелері мен туыстарының, айналасындағы адамдардың немен айналысатыны жайлы білуіміз керек. Басты мəселе – діни сауаттылық пен жұмыс. Егер жұмыстары болса, өзге күмəнді ағымдар туралы ой да болмас еді”, – деді Бердібек Сапарбаев.

Cондай-ақ, облыс əкімі талқыланып отырған мəселелердің шешімін табуға жауапты тұлғалардың формальды тұрғыда қарауына жол бермеу керектігін ескертті. Əсіресе, түрғындарды толық жəне тиімді түрде жұмыспен қамтуға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Бұл ретте жастарды жұмысқа орналастыру мəселелеріне де айырықша назар аудару керек.

Айта кетейік, өңір басшысы тек биылдың өзінде “Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінгенін жеткізді. Мемлекеттік бағдарламалар ауылдық жерлерде де жұмыспен қамту мəселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Мəселен, жеке шаруашылық негізінде шағын ферма құру үшін ауыл тұрғындарына 2,5 миллиард теңге бөлінеді. “Сіздің мақсатыңыз – мемлекеттік бағдарламалардың мəнін қарапайым сөзбен, қандай мақсаттарда қалай пайдалануға болатынын түсіндіру. Барлығы түсінікті жəне жеткілікті брлуы керек. Мемлекеттік бағдарламаны пайдаланамын дегендерге мейлінше көмектесу керек”, – деді Бердібек Сапарбаев.

2015 жылдың қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың осы уақыт аралығындағы көрсеткішімен бірдей, 4,9 пайызды құрады. Өңір билігі дағдарысқа қарсы шараларды қолға алды, оның ішінде тұрғындарды жұмыспен қамтуға септігін тигізетін Кешенді жоспар әзірленді. Аталған жоспар жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыс жасайтын азаматтарды мемлекеттік және салалық бағдарламалардың көмегімен қайта оқытуды көздейді.

Ал 2016 жылы кешенді жоспар аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылады деп күтіліп отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша, жоспар 60 пайызға орындалды. Сонымен қатар,  2016-2018 жылдарға есептелген Жұмыспен қамту картасы әзірленді. Аталған құжат аясында жұмыссыздар жөнінде нақты мәліметтер жиналады, әрбір елді мекен бойынша нақты жұмыссыздар саны анықталады. Жұмыспен қамту бойынша тиімді шаралар қолға алу үшін жұмыссыздардың жеке əлеуметтік портреті жасалады.

Облыс әкімі дағдарысқа қарсы шаралар мен жұмыссыздық деңгейіне қатысты жағдай тұрақты болғанына қарамастан, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды жалғастыра беру керектігін жеткізді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

8 пікір

  1. Атырау каласында баска дини агымда жургендерге кандай шара колданылып жатыр екен? Терис агымдарга карсы кандай курес жургизилип жатыр екен?

  2. Оте орынды айтылган соз жастарга жумыс берып енбекке баулу кажет Бердыбек агамыздай акымдер кобейе берсын Менде косыламын бул пыкырынызге

  3. Әкім Б.Сапарбаев өте дұрыс айтады. Жұмыссыздықтан адамдар далбасалап түрлі ағымдарға барады. (өз басымнан білемін. Сонау тоқсаныншы жылдары күрделі жағдайға тап болып, “құдайға қараған адамдар ғой, дұрыс кеңес берер деп мешітке бардым. Жанымды күйзелткен нәрселерді ақтарғым келді.” Дін жолындағылар ештеңе айта алмады.) Биліктің кемшілігін де дұрыс айтып отыр.

  4. Жалакысы омирге конымды болатын болса, конечно баска испен шаруасы болмас еди. Билим томен болгандыктан жане жумыссыздыктан осындай болып жатыр. Акимшиликтин басында отырып осы проблемаларды шешуге болады го. Адамнын омири тек жумыс истеу ма? Адамнын омирге келу максаты жумыс истеу деп ойлайсыз ба?

  5. Жумыс болганда да кызыкты болу керек. Монотонный жумыс кимге унасын. Бир орында отырып, кунде бир жумысты истеу да адамды кажытады го

    • Жумыстың қызықтысы болу керек деп айтқаныңыз дұрыс емес. Жұмыс ешқашан монотонный болмайды. Оо үшін əркім өз жұмысын жан тəнімен жасау керек.

    • Шахтадагы адамдар жумысын жан танимен жасап жур деп ойлайсыз ба?))) Унеми кауиптин арасында жумыс истейды, тек отбасын асырау ушин сондай жумыс жасап жур. Монотонный жумыс жок дейсыз, каптап жатыр го

  6. Менімше бекерге емес еді сонау жылдары нанға зар болған жылдары, таң атпай жатып, кішкентай кезімізде де нанның очередіне тұратын едік.. Неге с ебебі ол кезде, “целина” жоқ еді, сондықтан да болар, КЕҢЕСТЕГІЛЕР жаңа тың жерді тыңайтып ,халыққа жұмысын да, нанында тауып беру мәселесімен іске кіріскеннен тоқшылықта келді емес пе , ендеше ЖЕР мен құрылыс жағы біздерді жұмыспен қамтамасыз етуі мүмкін шығар, Жаңадан әрі қалалар пайда болар еді, әрі тыңайту арқылы молшылыққа жол аша берер едік, әрі техникландыру мен технология жолдары да жұмыссыздықтан құтқарары анық болар еді. Бердібек Сапарбаев әкіміміз өткен жылдардағы Шымкенттегі әкімшілігінде, көптеген жаңалықтарды қолданып, сол кезде -ақ қаламызды сәулеттендіруге жан салуда болып еді . Қазірде көп елді басқаруда ,өмірін арнаумен бірге, инттеллектуалдық көрсетуде екен, рахмет сізге халықтан әрине,жұмыссыздықпен арпалысуға тура келіп тұр екен барлық әкімдерге ,дұрыс айтасыз ақылды тұрмыс билемесін десек әрине жұмыс жағымен қамтамасыз етуіміз тиіспіз, әрбір азаматтарымызды, себебі әрбір азамат, бір үйдің толық сүйенер тірегі болғаннан, ендеше іске сәт барлығыңызға тілегеніміз!!!!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!