Алматыдан 400 км қашықтықта екі жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 473 шақырым және 467 шақырым қашықтықтарда Қырғызстанмен шекарада 2 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Дереккөз: BNews.kz

0
жер сілкінісі

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 2015 жылдың 21 қарашасы күні таңғы 6 сағат 15 минут 37 секундта жер сілкінісін тіркеген, жер дүмпуінің эпицентрі Алматыдан 473 км қашықтықта Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1. MPV магнитудасы 5.1.

Сонымен қатар, сейсмологтар Алматы уақытымен таңғы 6:46:38-де тағы бір жел сілкінісін тіркеген, оның да эпицентрі Алматыдан 467 шақырым қашықтықта Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.5. MPV магнитудасы 3.6.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!