Әлеуметік желіде Алматыдағы атысты ұйымдастыруы мүмкін «сақалдының» суреті жарияланды

WhatsApp желісі арқылы Алматыдағы атысты ұйымдастыруы мүмкін деген күдіктінің суреті жарияланды.

23
Сақалды атыс Алматы

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Никольск базарының маңында белгісіз адам автоматпен полиция қызметкерлеріне қарата оқ атқан болатын. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан тәртіп сақшылары бар. Жедел жәрдем қызметі де ауыр жараланған 5 адамның жеткізілгенін мәлімдеді.

Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, қалада қазір антитеррорлық операция жарияланған.

Алматыда таңғы сағат 10:30 шамасында Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі (ІІБ) алдында атыс болғаны туралы хабарлар тарай бастады.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, қазір Алмалы ІІБ-сі (Байтұрсынұлы мен Қарасай батыр көшелері қиылысы маңы) қоршауға алынған, сары лентамен белгіленген қоршау периметрімен тұрған полицейлердің бәрі толық қаруланған. Алайда олар тілшілерге ешқандай ақпарат бермей тұр.

Азаттық тілшілері полиция қызметкерлерінің бір-бірімен рация арқылы хабарласқандарынан қашып кеткен қарулы адамның (әлде адамдардың) әлі ұсталмағанын, полиция жасағының Сейфуллин және Гоголь көшелері қиылысында әрекет етіп жатқанын естіген.

Бұған дейін әлеуметтік желі және жергілікті ақпарат агенттіктерінен тараған хабарларда Алмалы аудандық ІІБ алдында бірнеше адамға оқ тигені туралы айтылған еді. Facebook желісінде «Мерген Прохант» есімді қолданушы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы жанында «қара түсті киім киген белгісіз ер адам оқ атып, қашқанын» жазды. Ал оқиға орнына барған Азаттық тілшісі ІІБ алдында жедел медициналық жәрдемнің бірнеше көлігі тұрғанын айтады.

«ЖАСЫ ЖИЫРМА БЕС ШАМАСЫНДАҒЫ ЖІГІТ»

Азаттық тілшілеріне сол маңдағы тұрғындар оқиғаның таңғы сағат 10:30-11:00 аралығында басталғанын, атыс дауысын естігендерін айтқан. Атыс кезінде оқиға орнында болған куәгердің айтуынша, «қара футболка киген 25 жас шамасындағы жігіт автоматпен жүрген.» Ал Алмалы аудандық ІІБ кезекші бөлімі Азаттыққа полиция жасағының дабыл бойынша көтерілгенін растады. Азаттық тілшісіне ІІБ кезекшісі «полицияға жедел дабыл белгісі берілгенін» ғана айтып, басқа мәлімет бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, басқарма жанындағы базар қасында бірнеше атыс үні естілген. Полиция әзірге ресми ақпарат таратпай отыр, полициямен атысқандардың кім екені белгісіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

23 пікір

  1. где вы тут сакалды увидели?????? вам лишь бы очернить мусульман имейте совесть. у меня такой же сосед с такой бородой живет и он не вахабит не террорист он даже намаз не читает

    • там же просто написано сакалды тут никто не винит мусульманов вы сами так думаете

    • не знаю наверно тот кто писал понравился его сакал как знать )

  2. ТЕК САҚАЛДЫНЫҢ СУРЕТІ ЖАРИЯЛАНБАПТЫ!!!!!!!!!!!!, САҚАЛСЫЗДАР ДА ТҰР БІР ЕМЕС 3-еу (егер осылай бөлетін болсақ адамдарды түріне қарап)

    • Кудай сактасын,сакалы баргада ,сакалы жоккада сенбендер,айтеуир елимиз тыныш болгай,

  3. Жоғарыдағылар не қарап отыр сонда? Атқанды адамдардың барлығын өлім жазасына тарту керек. Осылай жүре берсек қазақ деген халық жойылып кетеді ғо. Қандай адамсыңдар тіпті?! Мына жағдайдың алдын алмасақ соңы жақсылыққа апармайды. Олар тайраңдап жүр қазақ елінде, ал біз үйден аттап баса алмай отырмыз. Не деген сұмдық. Қазақ қазақты өлтіріп жүрсе жетіскен екенбіз!

  4. каким бы он ни был с бородой или нет он наглый убийца, кудай сактасын осындай жауыздардан!

  5. осы жагдайга катысы бар адамдарга олим жазасын кесу керек» бундай адамдар ертен турме де де жумысын жалгастырып жазыксыз адамдарды олтируи мумкин! жап-жас жигиттер не жетпейди осыларга тыныштык жакпайма!жакпаса иракка барып согыссын!

    • КНБ-ға қарапайым халық та жәрдем беру керек. Миллионнан астам халық шоғырланған Алматы қаласында қай жерде кімнің жүргенін олар қайдан біледі. Қазір Алматы қаласында пәтерлерді жалға беру деген бизнес түрі бар емес пе? Көрші пәтерде кімдер жүргенін байқап отыру әрбір тұрғынның міндеті болу керек. Автобустарда жүрген кезде? көшеде кез-келген қоғамдық орындарда байқай жүргеніміз дұрыс болар еді. Жақында ғана бір әйел кісінің айтып отырғанын естіп едім. Автобус ішінде екі сақал қойған қазақ жігіттері өзара әңгіме айтып тұр дейді. 45 күннен бері көп жерлерге барып келгенін? олар қалай күтіп алғанын айтып қуанып тұр екен. «Жамағат», «Уағыз» деп сөйлейді ол діндарлар өздерінше. Күдікті көрінген адамдарды дер кезінде хабарлап отырса мұншалықты тайраңдамас еді.

  6. сақалды өсіру айтылған сауап деп, бұттың жүнін қысқарту айтылған 40 күн ішінде

Пікір қосу