Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынды

Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Дереккөз: Tengrinews.kz

2
Алматы атыс

Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен.

Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. “Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды”, – дейді олар.

© Tengrinews.kz

Қазіргі уақытта бұл маңда барлық көлік кері қайтып жатыр. Жол жиегін көліктерден тазарту жұмысы жүріп жатыр.

Куәгер жолдаған сурет

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

  1. Аллаға сақтасын ондай адамдар қалай атта береді екен. Өз жақындарын біреулер атса қандай жағдайда болар екен.

Пікір қосу