Біржан Жақыпов Риода барлық қарсыласын жеңемін деп уәде берді

Бейжің мен Лондон Олимпиадаларында жолы болмаған шымкенттік боксшы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасында ел намысын қорғауға сақадай-сай екенін мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі.

Дереккөз: NUR.KZ
1
Мырзағали Айтжанов Біржан Жақыпов

«Төрт жылда бір рет өтетін додаға өз елінің мықты делінген боксшысы ғана барады. Яғни, лицензияны ұтып алады», — деп сөзін бастаған спортшы бұл жолы барлық қарсыластарына төтеп бере алатынын жеткізді.

«Қарсыластарымның бәріне дайынмын. Бәрі мықты. Оның ішінде спорттың бокс түрі дамыған Куба, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінен қарсыластар көп. Отыз шақты қарсыласым бар. Олардың кейбірімен бұрын-оңды жұдырықтасып көрмегенмін. Олардың кездесулерін бейнетаспа арқылы көріп, әдістерін байқап, бәрін қадағалап отырмыз. «Мынау — осал, мынау — мықты» демей, бәріне дайын болу керек… Әр кездесуді спорттағы соңғы кездесуім сияқты шығуға дайынмын»-деп ойын түйді боксшы.

Біржан Жақыпов 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген спортшы спорттық карьерасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Куба Олимпиадасының жеңімпазы, Әлем кубогінің қола жүлдегері, Әлем чемпионы атанып үлгерді.

Жақыпов үшін Риода өтетін Олимпиада үшінші дода болып отыр. Ол бұған дейін Бейжің мен Лондонда өткен бәсекеде бағын сынап, жолы болмаған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. Барлық спортшыларымыз жеңіспен оралсын деп тілейік! Қазақстанның атын жоғары көтереді деген сенімдеміз!

Пікір қосу