Ресей Байқоңырды Қазақстанға жақын уақытта бермейтінін тағы айтты

Ресей тарапы Байқоңырдан әзірге бас тартпайтынын айтып отыр. Тіпті, Восточный ғарыш айлағы құрылысының екінші кезеңі аяқталғаннан кейін де Роскосмос Байқоңырдан өз зымырандарын ұшыруды жалғастыра бермек.

Дереккөз: Skifnews.kz
0
bnews.kz

Бұл туралы Роскосмос басшысы Игорь КОмаров мәлімдеді деп жазады roscosmos.ru-ға сілтеме жасап Skifnews.kz басылымы.

«Байқоңырды тастап, барлық ұшыруларды Восточный айлағынан жүргізу жоспарда жоқ екенін ашық айта аламын. Байқоңырда пилотты ұшыруларға қажетті инфрақұрылымның барлығы қалыптасқан, оның үстіне ұшу алдындағы дайындық жүргізетін орталық та бар. Және бұл орталық өзін жақсы қырынан көрсетті, оның әлеуеті әлі де ұзаққа жарайды. Сондықтан, «Союз» зымыран тасығыштарын Байқоңырдан ұшыру әзірге дұрыс шешім болып отыр», — дейді Комаров.

Оның айтуынша, Восточный ғарыш айлағынан да пилотты ұшырулар жүзеге асатын болады. Ол жерден жаңа «Ангара-5П» зымыран тасығышы ұшырылса, Байқоңырдан улы «Протон» ракеталарын ұшыру жұмыстары жалғаса бермек.

Еске сала кетсек, Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин «Ресей Байқоңырдан кеткелі отырған жоқ» деп мәлімдеген еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу