Риоға баратын ауыр атлеттердің тізіміне Илья Ильин кірмей қалды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі Рио Олимпиадасына баратын атлеттердің есімін жариялады деп хабарлайды Азаттық. Дереккөз: Азаттық

11
Илья Ильин

Әйелдер құрамасына Олимпиадаға Азия ойындарының чемпионы Маргарита Елисеева (48 кг), бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы Карина Горичева (63 кг) және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл (69 кг) қатысады.

Ал ерлер арасында Қытайдан келген легионерлер Арли Чонтей (56 кг) мен Фархад Харки (62 кг), 2012 жылға дейін жарыстарға Әзірбайжан атынан қатысқан, кейін Қазақстан азаматтығын алған Нижат Рахимов (77 кг), Денис Уланов (84 кг), Хьюстондағы әлем чемпионатында алтын алған Александр Зайчиков (105 кг) барады.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Төртеуі де Рио Олимпиадасына қатыспайды.

Қазақстан ауыр атлетика құрамасы Рио Олимпиадасына 10 жолдама алған. Бірақ допинг дауынан кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) екі жолдаманы алып, басқа елдерге берген.

Бұған қоса, IWF Қазақстан құрамасын бір жыл жарыстардан шеттеу туралы шешім шығарған. Бірақ бұл шектеу қай уақыттан басталатыны әлі белгісіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

11 пікір

  1. хаха Ильядан уже весь мир боится!анау-мынау деп отирик бирдемелер жасап таптау айтеуир…онын бари ОТИРИК!!!просто все боятся уже его.Если Илья барганда кайттан алтынды алып кететин еди гой а олар бергиси келмейди.МОЛОДЕЦ ИЛЬЯ ты уже не повторимый чемпион и ты это докозал уже 3-ды.ТЫ СУПЕР черпион!!!

  2. Бул коре алмау, корку жане жала жабу! Шынмен де коркып жатыр!!! Ен биринши Ильядан, кейн биздин мыкты кыздардан! Коре алмау деген менталитет тек казактарда бар ма десем?! Бул кулкили )))
    Не болсада Илья биз ушин 3 дуркин олимпиада чемпионы!!!

  3. Бұл жасап отырғандары дұрыс емес, бұлай болатын болса 1988 медальдарды да қайта алуға болады ғой алдарына барғанда тексермей ма тексергіш болса, түстен кейін маңырап, іштері күйіп жатыр ма түсініксіз

  4. Илья мен басқа спортшы қыздарымыздың қатыспайтыны дұрыс болмады. Сонда да басқа атлеттерден күдерімізді үзбейік!

  5. Немене Казакстан атынан ерлер арасында бир казак спортшы жок.Ильяны неге жибермей отыр тексергиш екен алдынгы жылдардагы анализдерде шыкпайма допинг деген.Ильяна жане баска атлетшилерге жала жауып отыр.Биздин спорт министри колдан келгенше жумыс жасап катыстыру керек кой.

  6. “Батыр туса -ел ырысы” деген макал Ильяга арналган, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедова Илья Ильин Риога барса тагы да алтын алуше еди.

Пікір қосу