Илья Ильиннің әр әлем чемпионатындағы сынамаларын қайта тексеруі мүмкін

Әлемдегі бірнеше спорттық фанблогтар Илья Ильиннің әр әлем чемпионатындағы сынамаларын қайта тексеру керектігін айтып жатыр деп хабарлайды «alaman.kz» сайты. Дереккөз: Аламан

9
Илья Ильин

«Заң бойынша әр спортшының допинг сынамасы он жыл сақталады. Демек, IWF Ильиннің 2006, 2011, 2013 жылғы әлем чемпионаттарындағы сынамаларын ғана тексере алады. Әлем чемпионатында алынған сынамалар IWF қарауында болады. Ал олимпиадада алынған допинг анализдерін Халықаралық олимпиада комитеті өзінде сақтайды», – деп жазады «Аламан».

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Ал осыған дейін БАҚ өкілдері Ильин, Чиншанло, Подобедова және Манезаға қатысты шешім 11-15 шілде аралығында шығады деп мәлімдеген болатын.

Онда егер аталған спортшылардың допинг қолданғандары толық дәлелденсе, ХОК Ильин мен үш чемпионның медалін алып, жаңа чемпиондарға табыстайтыны көрсетілген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

9 пікір

Пікір қосу