Жұмыссыз қазақстандықтар кезекке тұрып, әлеуметтік төлем алуына болады

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын қазақстандықтар үшін жұмыстан шығып қалған жағдайда әлеуметтік төлем алу және жұмыссыз азамат ретінде тіркелу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл екі қызметті де жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып, бір мезгілде алуға болады. Дереккөз: Bnews.kz

7
ЦОН Халықты жұмыспен қамту орталығы
Көрнекі сурет

Бұрын жұмысынан айырылған адам әлеуметтік төлемді рәсімдеу үшін алдымен жұмыссыз азамат ретінде тіркеліп, есепке тұруға Жұмыспен қамту орталығына баратын, содан кейін ғана әлеуметтік төлем алуға ЗТМО-ға немесе ХҚКО-ға баратын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру нәтижесінде қағаз жүзіндегі құжат айналымы толығымен жойылды.

«Енді өтінішті қабылдау кезінде жеке куәлік пен қаржыны аудару үшін банк шоты ғана талап етіледі. Қалған мәліметтердің бәрі жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасынан электрондық үкімет шлюзі арқылы және еңбек нарығы базасынан алынады» – дейді С.Сабыржанов.

Айта кетсек, жұмысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемді 4 айға дейін алуға болады. Егер адам қысқартылса, жұмыс орны таратылса немесе өндіріс көлемінің азайюына байланысты жұмыстан шыққан жағдайда, әлеуметтік төлем 6 айға дейін тағайындалуы мүмкін.

Жыл басынан бері есепке қоюға және әлеуметтік төлем тағайындауға барлығы 2 720 жұмыссыз өтініш берді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

7 пікір

  1. Мен ушинши топ мугедекпын мен турмыс курганша жумыс истегенмын .Ал енды кайта тиркелгеныме 1жыл 3 ай болды али жумыс жок дейды

  2. Сəлеметсіздер мен 2010 да жұмыссызбын үйленіп бала шағаның қамы болып ешқайда тіркелмедім. Нестесем болады қайда барайын жəне қай Қала болсада бола береме

  3. Салеметсиздер ме. Мен ЖОО нын аяктаганнан сразу турмыска шыгып кеттим. Енди уйде кишкентайыммен отырмын. Жумыссыз ретинде толемакы алуга болады ма? Пәтер жалдап турамыз. Бир табыс жетпейди.

  4. Салеметсіздер ме? Менің жолдасым қазіргі таңда жұмыссыз 1 жыл болды. Алдын органда істеген. Жұмыссыздар қатарына тіркеу үшін қандай құжаттар қажет жəне қайндай мекен-жайға баруы керек? Шымкент қаласында тұрамыз.Оны тіркеуге болады ма, сонымен қатар əлеуметтік төлем ала алады ма? екі бала-шағамыз бар.

  5. Саламатсыз ба.Жумыссыз ретинде тиркелген сон, ар он кун сайын тиркеуге келу керек екен егер тиркеуге келмесе алеуметтик толем толенбейди ме?

  6. Сəлематсыздар ма?Мен төрт бала анасымын.Қазіргі таңда бала күтіміндемін.Жолдасым екі жылдай болды жұмысынан қысқартылды.Содан бері жұмыс таба алмай жүр.Жұмыссыздыққа тіркелсе он кун сайын қол қояды,бірақ əлеуметтік төлем төленбид.Жағдайымыз төмен.Кімнен көмек сұрасам болады?

  7. Салеметсиздер ме? Оз окыган мамандыгым б-ша жумыска тура алмай журмин.Енбек отилимин (опыт работы)сурайды.Жумыспен камтуга барып “молод.практикага”кезиктин сурагым сол бойы жауапсыз калды.Калай не истесем болады?Астана каласы!

Пікір қосу