Елімізде мемлекет жалға беретін пәтерлер тұрмысы төмендерге үлестіріледі

Елімізде мемлекеттің жалға беретін пәтері тұрмысы қиын адамдар мен көпбалалы отбасыларға ғана үлестірілмек. Осылайша, үкімет бюджет ақшасына салынатын арзан үймен ең бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған шаңырақтарды жарылқамақшы деп хабарлайды КТК арнасы.

6
Қуандық Бишімбаев

Бірақ, олардың ешқайсысына баспананы жекешелендіруге рұқсат етілмейді. Бастан-аяқ өзгертіліп жатқан тұрғын үй бағдарламасы жақын арада қайта қабылданады.

Үкімет отырысы елімізде соңғы күндері көп айтылып жүрген Тұрғын үй бағдарламасын талқылаудан басталды. Өйткені, бұған дейін президент жалға берілген үйлерді сатуға тыйым салуды ұсынған еді. Елбасы пәрмен берген соң Ұлттық экономика министрі шаруаға дереу кіріскен.

Тіпті Қуандық Бишімбаев заңға дереу өзгерту енгізуді қолға алып, енді жалға берілетін пәтерлерді салумен жалғыз Қазақстан ипотекалық компаниясы айналысатынын айтты.

«Сатып алуға тыйым салынған мемлекеттің үйлері ең бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға беріледі. Бұл бастама жұмыс күшін қаладан қалаға жылдам көшіріп отыру үшін қажет. Яғни қызметкерлер басқа шаһар немесе облысқа барғанда жалға арзан пәтер ала алатын болуы тиіс», — дейді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Яғни үкіметтен арзан бағамен алған баспананы азаматтар мүлдем өз атына жекешелендіре алмайды. Тек, осы уақытқа дейін келісім шарт жасасып үлгергендерге ғана пәтерді өз атына аударуға рұқсат етілмек.

«Бұл өзгерістер тұрғын үй мәселесін толық шешеді деген үміт бар. 15 жылда 15 миллион шаршы метр  пәтер салу жоспарланып отыр», — дейді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Жеркенемын осыларлын истерыне, дым пайдасы жок ЖЕПУТАТТАР, окымет магаган ештене берген жок, мен де ештене бермеймын. Оз пайдам озыме.

  2. Жағдайымызды қарап жаткан ешкім жоқ,бос сөз барі,барлық көмек,жағдайы жаксыларга жасалып жатыр,акімшілік өтірік уадемен шығарып салады! Үйіміз жоқ,жұмыс тағы жоқ,үкіметтен бар көмек 6000тг,балаларға алатын жардем ақы! Бос сөз жағдайы жоқтарға көмек деген!

  3. Оз баспанамыз болама деп умытенып журген де олда жок болдыма енды букыл омыр жалга алып кашан алып койады екен деген кудыкпен омыр суремызба сонда халык ка берме халык тан ал десе зан да дайын боп тур уялмай катырдык деп оздерынше маз отыргой мыналар

    • Соны айтам мугайым уйымыз жок бос, кур уадемен шыгарып салады. 2013 де аулдан коширилды шамалы адам, арким оз туыстарын коширды, бизды кейн 2 потокпен кошесындер деп алдап сокты. Енды мулдем уйсыз калдык. Айтсак бул багдарлама битты бирак рет болады деды. Ал енды мен уйдын очередынде турмын, бирак жылда документ тапсыруга шакырады бирак кредитын бар деп бермейды, кредитты адам катты киналганда алады, енды оны жабам деп тырысып журмын, квартирага толеум керек ары кредит бар, тамак бар, баламнын окуы бар, киымы бар , туракты жумыс жок, болсада айлыгы аз ештенеге жетпейтын. Маскара калай омир суремыз калай? Омир сургим келмейды кейды катты шаршадым.

Пікір қосу