Қытайлықтар Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін кен орнын сатып алмақ

Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін Васильковский кен орнын екі қытайлық корпорация - Shandong Gold Mining Cо мен Zhongjin Gold Corp сатып алмақ ниетте. Дереккөз: NUR.KZ

6
Алтын Қазақстан

Бүгінде аталмыш кен орнын Altyntau Kokshetau компаниясы жетілдіруде. Компания «Қазцинктің» еншілес ұйымы болып саналады. Bloomberg мәліметі бойынша келісімшарт сомасы $2 млрд-қа жетуі мүмкін. Wall Street Journal басылымы да сондай ақпарат беріп отыр.

Кен орнын  Қытайдың 500 ірі компаниясы қатарына енетін Shandong Gold Mining Cо компаниясы сатып алғысы келеді. Қазақстандық кен орнына таласып отырған өзге қытайлық компания – Zhongjin Gold Corp. Ол да Қытайдың ірі алтын өндіруші компаниясы саналады.

CRU Group ақпаратына сәйкес, 2015 жылы Васильковский кен орнынан 380 мың унций алтын өндірілген. Бұл кен орны Glencore компаниясының ірі алтын шахтасы саналады. Компания оны қарыздарын жабу үшін сатып жібермек. 2015 жылы Bloomberg мәліметіне сәйкес, Glencore компаниясының қарызы $25,9 млрд-қа жеткен. Ағымдағы жылы олар қарыздарын $17 млрд-қа дейін түсіре алған.

Еске салсақ, 2016 жылдың сәуірінде «Қазцинк» серіктестігі Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Комарвский кен орнын Polymetal International Plc компаниясына сату туралы келісімшарт жасасқан болатын. Оның құны $100 млн-ды құраған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

6 пікір

  1. Біздің ел қазаба байлығын сатуды ғана біледі ғой деймін. Оны өңдеп сатса пайда көп болмай ма?

  2. Биыл бюджет тапшылығының орнын толтыру мақсатымен Қытай мемлекетінен алынған екі миллиард доллар қарыздың өтеуіне беріп жатқан шығар?

  3. Алтынды, мунайды, жеримизди т.б. байлыкты кытайлыктарга саткандар, солар ушин неше турли сайкал зан шыгаратын укимет сататын зат таппай ертен халыкты соларга кулдыкка сатып жиберуден тайынбас! Акорданы паналап алган кузгындардан тазалау керек, сонда гана тартип орнайды. Сатуды емес, жумыс истеуди уйренсин кузгындар!

  4. Біз осы саудагер халық емес едік,ішкеніміз бес тенге,тышқанымыз жүз тенге болды гой.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!