Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім қыз басынан өткерген қорқынышты жайттарды баяндады

Қызылордада 27 жастағы үйсіз жетім бойжеткен көшедегі жылу трассасына қыздырынамын деп тірідей өртенген. Дереккөз: nur.kz

8
Жетім қыз

Денесіндегі іріңдеген күйіктерден өлімші күйге түскен Алисаны көшеде ес-түзсіз жатқан жерінен ерікті Раушан Базарбаева тауып алады. Ол бойжеткеннің ауыр тағдыры туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Үйі де, ата-анасы да жоқ бойжеткен жылу трассасында құбыр жарылғаннан кейін денесі күйіп, емханаға түседі. Онда төрт ай ем алғаннан кейін көшеде қалған Алиса өзіне еш күтім болмағаннан кейін жаралары іріңдеп, өлімші күйге түскен.

Алисаны әңгімеге тартқан Раушан өз парақшасында бойжеткеннің басынан өткерген қиындықтарын баяндап берді.

Алиса Көлденова Қызылордада жағдайы жақсы отбасында дүниеге келген. Анасы емханалардың бірінде педиатр болып қызмет еткен.

“Анам демікпемен сырқат еді. Ол мен үшін бәрін жасайтын. Әкемді білмедім. Анам әкем туралы ештеңе айтпайтын. Анам менің өзі секілді дәрігер болғанымды қалайтын. Өте мейірімді жан еді. Мен де ол секілді болғым келді”, – дейді Алиса.

Денсаулығы нашарлаған анасына ауа-райын ауыстыру қажет болған. Содан кейін Шымкентке көшіп келген отбасы қайғылы жағдайға тап болады. Алиса 12 жасында анасынан айырылады.

«Мен ол кезде 12-де едім. Қызылордада туыстарым мені  өз қоластына алды. Мен бұзық едім, үйден қашып мінез көрсететінмін. Алайда ешқашан ұрлық жасаған емеспін. Дегенмен олар мені бәріне кінәлайтын. Ақыры балалар үйіне апарып тастады. Ол жерде мектеп бітіргенше жүрдім”, – дейді бойжеткен.

Содан кейін туыстары оны сирек іздейтін болған.

«Себебі, мен оларды өзім көргім келмеді. Балалар үйіне өткізгені үшін ренжулі едім. Егер анам тірі болғанда, мен мұндай адамға айналмас едім… Балалар үйінде де жағдайым жақсы болмады… Бірақ ол туралы атпай-ақ қояйын. Анаң қасыңда болмағасын, солай болады», – дейді Алиса.

Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім қыз басынан өткерген қорқынышты жайттарды баяндады

Мектептен кейін ол мединститутты таңдап, дәрігер болғысы келген.

«18-ге толғанда балалар үйінің директоры маған Шымкентте анамнан қалған деп пәтердің құжаттарын берді. Бұл тек көшірмесі екен. Ал түпнұсқасы сол жерде тұрып жатқан өзге отбасында болып шықты. Олар өздерін қожайынымыз деп мен қуып жіберді. Осылайша мен далада қалдым», – дейді Алиса.

Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім қыз басынан өткерген қорқынышты жайттарды баяндады

Ол балалар үйіне қайтып келген.

«Балалар ұйінің директоры бұл туралы білмейтінін айтып, мені қайтадан балалар үйіне орналастырды. Сол кезде өзімнің болашақ жарым Фаридпен таныстым. Одан үш бала сүйдім. Ол құрылысшы еді, жақсы табатын», – деп есіне алды бойжеткен.

Бәрі жақсы болып көрінгенімен, күйеуі ішкілікке салынған.

«Оқуым үшінші курста аяқсыз қалды. Ол ішіп алып, жиі мені және балаларымды сабайтын. Ол кезде екі ұлымыз бар еді», – дейді ол.

Алиса күйеуі жұмыссыз қалып, күнде соққыға жыққанын, балаларына да, өзіне де тәулік бойы бір кесек нан бермейтін кездері болғанын күйінішпен еске алды.

«Үшінші рет жүкті болып қалғанымда, кезекті рет соққыға жығылдым. Полицейлер жағдайымызды көріп, балаларымды алып кетті. Мен олардан бас тартпадым, полицейлер жағдайым оңалғанда балалар үйінен қайтарып ала аласың деп сендірді», – дейді бойжеткен.

Фарид бауыр циррозынан көз жұмып, Алиса іштегі баласымен жалғыз қалады. Балалар үйіне оны қайта қабылдамай қойған.

«Балам ауру болып дүниеге келді, оны өзім аяқтан тұрғыза алмайтынымды түсініп, амалсыздан интернатқа өткіздім. Балам үшін одан бас тартуыма тура келді» – деп ағыл-тегіл жылады Алиса.

Ол  Талсуат интернатына баласын іздеп талай барған, алайда ондағылар бас тартсаң, жайыңмен кет деп қуып жіберген екен.

«Екі ұлымды өзгелер асырап алған екен. Мен оларды іздедім, алайда ешкім ештеңе айтар емес. Оларды ешкім ренжітіп жатпағанына көз жеткізіп, бір рет қана көргім келеді…», – дейді Алиса.

Алиса өмірінің мәні балалары ғана екенін алға тартты.

«Мен қысы-жазы далада күнелтіп жүрдім. Қайыр сұрағанда елдер мені жасөспірім деп ойлайтын. Қыста жылу трассаларында, ал жазда көше орындықтарында түнейтінмін, себебі жертөлелерде масаға қатты таланасың», – дейді ол.

Ал қалай өртке оранғанын Алиса үлкен ауыртпашылықпен еске алады.

«Барлық үйі жоқтар жылу трассасында қыздырынады. 13 ақпанда жылу трассасының құбыры жарылып, оның буы денемнің елу пайызын күйдіріп жіберді. Содан емханаға түстім. Бәрі мені біреуден ақша ұрлап, солар тірідей өртеді дейді. Бұл жалған. Мен ешқашан ұрлыққа барған емеспін. Жұмыс істеп, көше тазалап болса да адал ақша тапқым келеді. Қолымнан келеді. Тек бұрынғы өміріме қайтып оралғым келмейді», – деп өтінді бойжеткен.

Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім қыз басынан өткерген қорқынышты жайттарды баяндады

«Мені полицейлер Тасбөгеттегі үйсіздерге арналған мекемеге жіберді. Ол жердегілердің дені еркектер. Ол жерде қыз екеніңе қарамай, бәрімізді соққыға жығатын, кейде зорлап тастайтын. Олардың қолында резеңке таяқтар болы. Солармен ұрғанда қатты ауыратын…», –  деп қорқынышпен есіне алды Алиса.

Күйік шалғаннан кейін бойжеткен ішкілікке салынғанын мойындайды.

«Мен емге ақша жоқ болғасын ішкілікке салындым. Себебі ішсең, ауырсынғанын сезуді қоясың. Тыртықтарым әлі күнге ауырады. Сіз мені тауып, көмектескеннен кейін мен өліп қалған шығармын деп жағдайға сене алмадым. Бәрі халімді сұрап, полицейден бастап, дәрігерлерге дейін менің жағдайымды білу үшін келді» – дейді бойжеткен.

Алиса енді ішімдікті аузына алмай, өмірін түбегейлі өзгерткісі келетініне сендірді.

“Тек қол ұшын беріңіздерші. Маған балаларымды қайтарып, бір рет көруге көмектесіңіздер”, – деп өтінді Алиса.

Раушан кетерде оны бетінен сүйіп қоштасып жатқанда Алиса жүрек елжіретер сөздер айтқан.

«Мені ешкім осылай сүйіп, құшақтамағанына көп болды… Анамнан кейін», – деген Алиса.

Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім қыз басынан өткерген қорқынышты жайттарды баяндады

Базарбай Алисамен сөйлескенде оның сауаттылығына таң болған. Бойжеткен қазақ және орыс тілінде еркін сөйлейді. Жазу біледі. Дәрі-дәрмектерден хабары бар.

Бұл жайттан кейін Алисаның ата-анасы мен пәтерге қатысты құжаттар тексерілуде. Бойжеткеннің жағдайына бей-жай қарамайтындар оған көмекке қаражат жинап жатыр.

Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім қыз басынан өткерген қорқынышты жайттарды баяндады

Раушан Базарбайдың байланыс нөмірі: watsap 8 777 752 53 47, e-mail: rayshan2003@mail.ru, 8 701 897 77 53, 8 777 752 53 47.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

8 пікір

  1. Алла жар болсын өзине көрмегенді корипти,бакытты гумыр берсин балаларына кауышсын!

  2. Жараткан иемиз жар болсын. Аллам армандаган армандарына, алга койган максаттарына жетсин деп тилеймин! Бакытты бол!!!

  3. Бала шағаңызға қауышып бақытты өмір сүріңіз .Алла жар болсын. Раушан әпкедей адамдарға алла жар болын.

  4. Жетімнің де құдайы бар деген жәрдемші болған Раушанға алла қуат берсін Шындық қашанда жеңеді ғой Алиса әлі ақ балаларымен қауышып бақытты боп кететінін алладан тілейміз

  5. Тагдыры оте ауыр екен.Алланын кози тузу болсын !Раушан апа сизге Алланын нуры жаусын!Алисанын уй маселеси мен балалары туралы малимет шешилип он натиже берсе екен!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!