ҚР БҒМ жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тізімін жарияламақ

ҚР Білім және ғылым министрлігі жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған барлық баланың, бала асырап алуға ниетті Қазақстан азаматтарының тізімін әзірлеп, деректер банкін құруда. Аталған жобаның тұсаукесері 8 шілде күні өтеді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

0
Интернет

Деректер банкі ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің сайтында жарияланбақ. Онда балалардың жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ, отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері бар. Ал, бала асырап алғысы келген ата-ана осы тізімнен таңдау жасаған соң, құзырлы орган оның өтінімін мақұлдаса, бала туралы толыққанды ақпарат оның жеке өзіне ғана жолданатын болады.

«Бұл балаларды отбасыларға беру үрдісін белсендендіріп, жетім балалар туралы туынды ақпаратты елдің барлық адамдарына айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі» делінген БҒМ таратқан хабарламада.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу