Назарбаев: Қазақ жастарының шетелде жалшы болып жүрмегенін мақтан тұтамын

Жақында өткен «Мемлекет басшысы» фильмінің тұсаукесерінде президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жастарымен мақтанатынын айтты.

1
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан президенті 10 мыңға жуық жастардың шетелдегі үздік университеттерде білім алып, кейін Отанына оралғанын мақтанышпен жеткізді

«Мен бірде-бір қазақстандық жастың шетелдерде жалшы болып жүрмегеніне қуанамын. Ешкім еш жерде мигрант болған емес! Ол өз елінде жұмыс істейді, бұл ұлы мақтаныш», – деп атап өтті президент.

Елбасы шетелде оқитын қазақ жастарымен кездесуі барысында олардың өте патриот екенін байқаған.

«Олардың жатақханаларында Қазақстанның туы ілініп тұрады. Сағынады олар елді. Не болып жатқанын бақылап отырады. Олардың патриоттық сезімдері өмір бойы елде тұрып келе жатқандарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Меніңше, бұл керемет. Ал олар Отанын сүю үшін елі де оған лайық болу керек, солай емес пе?», – деді президент.

Назарбаев ел жастарының ең бақытты екенін айтты.

«Оларда біздің түсімізге де кірмеген нәрселер бар», – деп атап өтті елбасы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Ал олар Отанын сүю үшін елі де оған лайық болу керек, солай емес пе?», — деді президент.
    шындыгында солай ма екен?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!