Түркиядағы аэропортта болған жарылыстан 36 адам қаза тапты

Ыстамбұлдағы аэропортта болған жойқын жарылыстан 36 адам қаза тауып, 100-ден астамы әртүрлі деңгейде жарақат алған. Оқиға ортасына келген қала губернаторы Васип Шахин террорлық актіні үш жанкешті ұйымдастырғанын мәлімдеді.

0
Ыстамбұл жарылыс лаңкес

Жарылыс аэропорттың халықаралық терминалы мен автотұрағында орын алған. Белгілі болғандай, лаңкестер террорлық әрекетті ғимарат ішінде жасамақ болған. Алайда, полицейлер олардың жолдарын дер кезінде кескен. Куәгерлердің айтуынша, жанкештілер жарылғыш затты іске қоспас бұрын полицияға автоматтан оқ жаудырып, табанды түрде қарсылық көрсеткен.

Лаңкестік оқиғадан соң Ататүрік аэропортында ұшақтардың ұшып-қонуы уақытша тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал бағыттық кестеге сәйкес ұшып келетін рейстер болса, қаланың екінші халықаралық аэропортына жіберілуде.

Айта кетейік, жарылыстан жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізу үшін 60-қа жуық жедел жәрдем көлігі жұмылдырылып, тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда еліміздің Ыстамбұл қаласындағы бас консулдығы зардап шеккендердің қатарында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!